«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

САЛЫНҒАН ЖОЛДЫҢ САПАСЫ ЖАҚСАРДЫ

Президент Жолдауында айтылған тапсырмалардың орындалып жатқанының нақты бір көрінісін Ақтөбе облысынан көруге болады. Аймақта соңғы жылдары бірқатар ауқымды жобалар іске асырылуда. Соның ішінде халық көптен күткен «Ақтөбе – Қандыағаш» автожолының реконструкциясы аяқталды.
Бұл жол – стратегиялық маңызы бар жоба. Бұрынғы тар әрі ескірген жолдың орнына заманауи талаптарға сай кең әрі қауіпсіз жол салынды. Нәтижесінде көлік қатынасы жеңілдеді, ағыны реттелді, өңір экономикасына серпін берілді.
Осындай ірі жобалардың жүзеге асуы – тек облыс тұрғындары үшін емес, бүкіл еліміз үшін маңызды қадам. Себебі көлік-логистика саласының дамуы – өндіріс, сауда, туризм сияқты өзге салалардың өркендеуіне жол ашады.

Жұлдыз Елубай, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі.

Ұқсас ақпараттар

ЖОСПАР — 16 ЖАСҚА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

admin_mugalzhar

«Таза Қазақстан»: 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысушылар Астанада ағаш отырғызды

admin_mugalzhar

Жол құрылысы сапалы цифрлық платформа арқылы бақыланады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.