«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КОНСТИТУЦИЯ — ЕЛ ТІРЕГІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» атты ғылыми-практикалық конференцияда сөйлеген сөзі қазақ халқының құқықтық және тарихи мұрасын ұлықтай отырып, Конституцияның Қазақстан мемлекеттігінің негізі болып саналатынын айқындайды. Ол Ата заңды еліміздің тәуелсіздігі мен болашағы үшін аса маңызды құрал ретінде қарастырады. Дала заңдарының, тарихи құқықтық ережелердің Ата заңға қалай негіз болғандығын атап өтуде Президенттің тарихи білім мен мәдениетті терең бағалауы көрініс тапқан. Шындығында, қазақтың заңгерлік дәстүрлерінің өзегінде мемлекет тәуелсіздігінің терең әрі ұзақ тарихы жатыр. Қасым ханның, Есім ханның және Әз Тәуке ханның заңдары қоғамда тәртіп орнатудың, әділеттілікті қамтамасыз етудің негіздері болды. Осы тұрғыдан алғанда, Конституцияның қазіргі ролі айрықша, себебі ол тек тарихи заңдармен шектелмей, мемлекетіміздің демократиялық дамуын қамтамасыз ететін қуатты негізге айналды. Президенттің Конституцияны халықтық құндылықтардың, ұлттық бірегейліктің символы ретінде қарастыруы еліміздің құқықтық болашағы мен даму жолына деген сенімін білдіреді. Сонымен қатар, ол қазақ зиялыларының құқықтық реформаларға қосқан үлесін ұмытпау керек екенін атап өтеді, бұл өз кезегінде ұлттық заңгерлік мәдениеттің қалыптасуына зор ықпал етті.

Үмбетхан Сәрсенбин, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің әлеуметтік-саяси пәндер кафедра меңгерушісі

Ұқсас ақпараттар

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДА ОЙЫНДАРЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

admin_mugalzhar

ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨП

admin_mugalzhar

ЗІЛТЕМІРШІ ГҮЛІМНІҢ ЖЕҢІСІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.