Үкімет Президент Жолдауында айтылған «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыра отырып, жер қойнауын пайдалану саласындағы келісімшарттық міндеттемелердің орындалуын бақылауды күшейтуде. Мониторинг нәтижесі бойынша жосықсыз пайдаланушыларға қатысты қатаң шаралар қолданылды: 37 келісімшарт бұзылып, 61 лицензияның күші жойылды.
Жүргізілген тексеру нәтижесінде заң бұзған компанияларға жалпы көлемі 910 млн теңге болатын тұрақсыздық айып салынды. ІІМ және ҰҚК-мен бірлесіп, еліміздің төрт өңірінде пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру жұмыстарының жолы кесілді. Бұл жұмыс жүйелі сипатқа ие: 3-ші тоқсанда бұзушылықтар туралы тағы 350 хабарлама жолдау және 65 көшпелі тексеру жүргізу жоспарлануда.
Саладағы тәртіпті қалпына келтіру рәсімдердің ашықтығын арттырумен қатар жүреді. 41 жер қойнауы учаскесі бойынша өткізілген 3 электронды аукцион бюджетке қол қою бонустары түрінде 27,8 млрд теңге әкелді. Заңнамаларды жетілдіру және процестерді цифрландыру бойынша жұмыс жалғасуда
@KZgovernment