«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Президент футбол клубтарын жекешелендіруді жеделдету қажеттігін айтты

Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады, деп жазады Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа спорт саласын кешенді реформалауға қатысты бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы баяндалды.

Ербол Мырзабосынов балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау, халықаралық ынтымақтастықты арттыру, спортқа ғылыми тәсілдерді енгізу, бюджет қаражатын оңтайландыру және заңнамалық базаны жетілдіру жөнінде есеп берді.

Сонымен бірге спорт саласында вертикальді басқару жүйесін қалыптастыру жұмысы қарқынды жүргізіліп жатқанын айтты.

Саланың жағдайына кешенді талдау жүргізілгеннен кейін бірқатар облыста спорт басқармаларының басшылары тағайындалды, жұмыс тиімділігінің нақты көрсеткіштері белгіленіп, спортшылар мен жаттықтырушыларға берілетін төлемдер мөлшері бірыңғай көрсеткішке келтірілді. Сонымен қатар спорттың басым түрлеріне қойылатын іріктеу талаптары анықталды.

Биыл күшіне енген «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңның жаңа редакциясы белсенді жүзеге асырылып жатыр. Аталған заң бюджет қаражатын тиімді пайдалануға, спортты дамыту үшін оның басым түрлерін айқындауға, кәсіпқой клубтарға төленетін төлемдерге лимит енгізуге бағытталған.

Министр шетелдік туристерді тарту және заңнамалық базаны жетілдіру шаралары туралы да баяндады.

Президент тапсырмасы бойынша Щучье-Бурабай курорттық аймағы мен Маңғыстауды дамытудың кешенді жоспары әзірленді. Алматы тау кластерін дамыту жоспары дайындалып жатыр. Сондай-ақ курортты өңірлерді өркендетуге арналған ведомствоаралық жол картасы әзірленді. Онда туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, санитарлық жағдайдың стандарттарын көтеруге және көлік қолжетімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінген.

Мемлекет басшысы министрге бірқатар міндет жүктеді.
Атап айтқанда, вертикальді басқару жүйесін енгізуді жалғастыру, футбол клубтарын жекешелендіруді жеделдету қажет. Бұдан бөлек, туризм саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру маңызды міндет ретінде аталды.

Ұқсас ақпараттар

Әбиба Әбужақынова дзюдодан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

admin_mugalzhar

АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ МИРЖАН «QAZAQSTAN ДАУЫСЫ» ЖОБАСЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТУДЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.