«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еңбек күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Еңбек күні құтты болсын!

Бұл мерекенің еліміз үшін айрықша мәні бар. Себебі, еңбек пен еңбекқорлық – ұлттық идеологиямыздың арқауына айналған құндылықтар.

Жұмысшы мамандықтары жылында біз адал әрі қажырлы еңбегімен еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жатқан сан алуан кәсіп иелері мен түрлі буын өкілдеріне және еліміздегі барша еңбеккер қауымға сый-құрмет көрсетеміз.

Мен еліміздің құндылықтары мен мақсаттарына зор сеніммен қарап, қастерлі Отанымыз үшін аянбай еңбек етіп жүрген, әрдайым кәсіби шеберлігін шыңдап, өндірісте жоғары көрсеткішке қол жеткізуге ұмтылатын және әр істе алғырлық пен жаңашылдық танытатын отандастарымызға шынайы ризашылығымды білдіремін.

Біз қоғамда адал еңбекті кеңінен дәріптеп, өскелең ұрпақты еңбекқор етіп тәрбиелей отырып, Қуатты әрі Әділетті Қазақстанның мызғымас негізін қалаймыз.

Жауапкершілігі жоғары, ниеті таза, отаншыл азаматтарымыздың арқасында біз дамыған және өркениетті ел болу міндетін абыроймен орындаймыз деп сенемін.

Қазақстанның барлық азаматтарына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

t.me/aqorda_resmi

Ұқсас ақпараттар

Биыл облыста 18 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

admin_mugalzhar

ТАЛДЫСАЙЛЫҚТАР МЕН ЖҰРЫНДЫҚТАРДЫҢ ӘН ШАШУЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.