«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда 37,8 млн тонна мал азығы дайындалды

Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сүйенсек, елімізде барлығы 37,8 млн тонна мал азығы дайындалған, деп хабарлайды BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Оның ішінде: 25,0 млн тоннасы шөп (101,9%), 1,9 млн тоннасы пішендеме (112,9%), 3,9 млн тоннасы құрама жем (71,7%), 2,0 млн тоннасы сүрлем (102,3%), 4,8 млн тоннасы сабан (101,7%).
Жоспардың орындалуы бойынша Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстары, Ұлытау және Жетісу өңірлері ең жоғары нәтиже көрсеткен.
Дайындалған мал азығының көлемі 2025–2026 жылдардағы мал қыстату науқанын қолайлы өткізуге және мал шаруашылығы кәсіпорындарын тұрақты түрде жем-шөппен қамтамасыз ету үшін қажетті қор жасауға мүмкіндік береді.

Ұқсас ақпараттар

Ел Президентінің Жолдауы қоғамда ерекше серпіліс тудырады

admin_mugalzhar

Биылғы егін бітік шықты

admin_mugalzhar

Кабирхан миллион дирхам үшін бәйгеге түседі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.