«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӨШІМ ЖЫЛҚЫСЫ: АТ СПОРТЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ АРҒЫМАҚТАРЫ

НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ БОЙЫНША КӨШІМ ЖЫЛҚЫЛАРЫ БІРТЕКТІ. АЛАЙДА ЖАНУАРЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТОПТАРЫ ДЕНЕСІНІҢ ӨЛШЕМІНЕ, ОЛАРДЫҢ ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫНА БЕЙІМДЕЛУДЕ КЕЙБІР АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР БАР, ОСЫЛАРДЫН НӘТИЖЕСІНДЕ ТҰҚЫМ ҮШ ТҮРГЕ БӨЛІНГЕН. ОЛАР — НЕГІЗГІ, ШОМБАЛДЫ ЖӘНЕ МІНІСТІК.

МІНІС ТҮРІ. Бұл түрдегі жылқылар негізгі және шомбалды түрлердегі жануарлармен салыстырғанда денелі жағынан біршама жеңілірек, ұзындығы мен көшелігі кішірек болып келеді. Олар алдыңғы екі түрден жайылымдық жағдайға бейімділігі төмендеу, жақсы жүрісі бар және «Дон» жылқысы мен таза қанды мініс жылқыларының белгілері байқалады. Бұл мініс түрінің жылқылары ат спорты түрлері үшін, ұлттық ат ойындары үшін және мал жаю үшін ер-тоқым астында жұмыс істеу үшін пайдаланылады. Олар тәуліктік және көп күндік жүрісте өзін жақсы көрсете отырып, тәулік ішінде 276-300 км және одан да артық шақырымды жүріп өтуі мүмкін. Қазақстанда үлкен қашықтыққа ат жүрісі сияқты ат спортының түрі дамыды. Олар соғыстан кейінгі жылдары (1947-1948 және 1950-1951 жылдары) Батыс Қазақстан, Алматы облысы және Жамбыл облыстарының ат зауыттарында кеңінен орын алып өткізіліп отырды. Осы қызықты жарыстарды ұйымдастырушылар Ю.Н.Барминцев және А.И.Беляев болды. А.И.Беляев барлық ат жүрістердің белсенді қатысушысыболды. Жоғарыкөрсеткіштері үшінБеляевАлександр Ивановичке «КСРО спорт шебері» Құрметті атағы берілді. 50-ші жылдары жылқы шаруашылығының дамуына назар аударудың әлсіреуіне байланысты отыз жыл бойы Қазақстанда ат спортының бұл тамаша ерекше түрі ұмытылып, 1975 жылы ғана КСРО спорт шебері А.И.Беляевтің бастамасымен қайта жанданды. Өзінің жастығына қарамастан, жаңа тұқым өзін тәуліктік және көпкүндік жүрістерде жақсы көрсетті. 1975 жылы 7 көшім және 5 желісті жылқылар қатысқан тәуліктік жүгіру өткізілді.

Осы қашықтық жүрістің нәтижесінде көшім жылқысын мінген салт аттылар желісті жылқымен келе жаткан өз серіктестерін басып озды. Алғашқы үш орынды көшім аттарындағы салт аттылар иеленді және де орташа есеппен бір тәулікте 270 км бағындырды. 1978 ж. жарты тәулік жүрісте көшім жылқылары 165,4 км жүріп өтті. Қозғалыс жылдамдығы 8 сағаттық жүрісте сағатына 20,7 км құрады. Біріншісі бапкер Ш.Гибадуллиннің ер-тоқымы астында екіншісі өзім мінген жылқы (С. Рзабаев) болды. Жүрісте алты көшім жылқысының ішінде үздік нәтиже көрсеткен жылқылар — «Набат» 1972 ж.т және «Громобой» 1971 ж. т. болды. 1979 жылы өткізілген Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игерудің 25 жылдығына арналған көшім аттарына 21 күндік, 1300 шақырымнан астам астам қашықтыққа жүріске спорттық қызығушылық тудырды.

Жүріс Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылық тәжірибе станциясынын («Қайрат» СКК) ат-спорт секциясымен КСРО спорт шебері А.И.Беляевтің басшылығымен және белсенді қатысуымен ұйымдастырылды. Көпкүндік жүрісі 24 тамызда Көкшетау облыстық ауыл шаруашылығы стансасының орталығынан басталып, одан кейін трасса Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Торғай және Ақтөбе облыстары арқылы өтті. Нәтижесінде 21 жүру күні ішінде орташа алғанда күніне 64,7 шақырымнан күрделі жолдың 1360 шақырымы еңсерілді. Ең үлкен қашықтық 82 шақырым 25 тамызда өтті. Сапар жүрісі барысында қатысушылар барлық жерде қуанышты қабылдауларды қарсы алып, ат спортының ұмытылған түрін атпен жүруді қайта өркендету жөнінде өз қанағаттануын білдірді. Жүрістің күрделілігіне қарамастан, үлкен дене белсенділігіне қарамастан, жүрістің сонына қарай жылқылардың жағдайы жақсы болды. Ақтөбе облысының ат спортының әуесқойлары облыстық жарыстарда көрсеткен көшім жылқысының жоғары жылдамдықтарын бірнеше рет ғажайыптады. 1964 жылдың шілде айында Мұғалжар жылқы зауытының 3 жасар аты «Секундомер» Батыс Қазақстан өлкелік жарысында 2000 метр қашықтықты 2 минут 17,4 секунтта жүріп өтіп, міністі жылқы тұқымдарының рекордтарымен салыстырғанда, тек қана 3,6 секундқа таза қанды араб жылқысынан кем түсті. Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасына тиесілі «Золотой» атты көшім аты 6 шақырым қашықтықты 9 минут 31 секундта өтіп, облысаралық бәйгені жеңіп алды, ал бірнеше мәрте облыстық бәйгенің жеңімпазы «Громобой» көшім аты 16 шақырым қашықтықты 21 минут 16 секундта шауып өтті. Облыстық жарыстарда халық арасында бәйге үлкен танымалдыққа ие, онда жергілікті сәйгүліктер жоғары спорттық қасиеттерін көрсетті.

Мысалы 1977 жылы Ақтөбе облысының облыстық жарыстарында 10 шақырымдық бәйгеде жаңа көшім тұқымды Мұғаджар жылқы зауытының аты «Ақтанкер» аралықты барлығынан 13 минут 15 секундта тез арада жүріп өтіп, жеңімпаз атанды. Сондайақ, бұл шапқыш «Ақтанкер» биік таулы Пятигорск жағдайында Бүкілодақтық өткен жарыста 7 шақырымдық қашықтықта таза қанды және жоғары қанды шапқыш жылқылармен сайысқа түсіп, 3-ші орынды жеңіп алды. Бұл жерде Ақтөбе облысының дала шапқышының бір апта ішінде биік тау жағдайына тез бейімделгені үлкен қызығушылық тудырады. Жоғарыда келтірілген деректер бойынша біздің халқымыз ерекше бағалаған ат спорты қайта жаңғыруына назар аудару керектігін атап көрсетім келеді.

Серікбай РЗАБАЕВ, Қаз ССР Мемлекеттік сыйлығының негері, а. ш. ғ. к., доцент, мұғалжар және көшім жылқылар тұқымдарының авторы.

Ұқсас ақпараттар

Елде ұялы байланыс қызметі күрт қымбаттады

admin_mugalzhar

Желтоқсан айында «Тіл-қазына» мобильді қосымшасы жарық көреді

admin_mugalzhar

Білім менеңбек — бақуатты өмірдің кілті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.