«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖЕРЛЕСІМІЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Ақтөбе қаласындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында «Сыбаға» ұлттық дәстүрлер фестивалі аясында «Ақтөбе Опен-2025» халықаралық турнирі өтті. Асықшылар арасында өткен сайысқа Румыния, Моңғолия, Ресей, Үндістан, Пәкістан және Қазақстан құрамалары қатысты.

Ақтөбе облысының асықшылары сайысқа бөлек команда ретінде қатысып, жақсы ойын өрнегін көрсетті. Тартысты өткен сайыста бес асықтан жекелей сында өнер көрсеткен жерлесіміз Қандыағаш қалалық №1 жалпы білім беретін орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Айнұр Бұхарбаева жүлделі ІІ орынға ие болды.

Жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар Көшпенділер асық спорты халықаралық федерациясы мен Ақтөбе облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы атынан диплом, медаль және кубоктармен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

ЖАС САРБАЗДАР ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

admin_mugalzhar

ЗІЛТЕМІРШІ ГҮЛІМНІҢ ЖЕҢІСІ

admin_mugalzhar

ЖЕҢІЛ КӨЛІКТЕР ШҰБАРҚҰДЫҚ АРҚЫЛЫ АҚТӨБЕГЕ ҚАТЫНАУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.