«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе – Астрахань тас жолының жабылуына байланысты 100-ге жуық жолаушы Ұлттық тасымалдаушы пойызымен жеткізілді

Қолайсыз ауа райы жағдайлары мен Ақтөбе – Астрахань тас жолының уақытша жабылуына байланысты Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау және отырғызу жұмыстарын жедел ұйымдастырды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

2025 жылғы 15 желтоқсанда №691 «Атырау – Ақтөбе» пойызы арқылы жолаушылардың қозғалысы қамтамасыз етілді:
• Сағыз станциясынан Ақтөбеге дейін — 20 жолаушы;
• Қарауылкелді станциясынан Ақтөбеге дейін — 30 жолаушы;
• Қандыағаш станциясынан Ақтөбеге дейін — 46 жолаушы.

Жалпы саны 100-ге жуық жолаушы тасымалданды.

Күрделі метеорологиялық жағдайда теміржол көлігі ең қауіпсіз әрі сенімді қатынас түрлерінің бірі болып қала береді. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды жалғастырып, азаматтарды сапарларын жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.

Ұқсас ақпараттар

ЕМБІДЕ «ЖЫЛ ОҚЫРМАНЫ — 2022» АНЫҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar

АРДАГЕР ҰСТАЗ ТУҒАН КҮНІНДЕ ДАУЫС БЕРДІ

admin_mugalzhar

БӨБЕКЖАЙ-БАҚША ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.