«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы Астанада өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы 28-29 мамырда Астанада өтетінін жеткізді, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, мемлекеттер алдында салмақты шешім мен үйлесімді әрекетті талап ететін күрделі міндеттер тұрғанына назар аударды.

Президент келесі жылы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық ету миссиясы Қазақстан Республикасына өтетінін еске салды. Мемлекет басшысы еліміз жаңа табысқа қол жеткізіп, бірлестік елдерінің игілігін еселеу үшін нәтижелі жұмыс жүргізуге ниетті екенін жеткізді.

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы 28-29 мамырда Астанада өтетінін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұйым төрағасы міндетін табысты атқарғаны үшін Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкоға алғыс айтты.

Жиын қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылданды.

Саммитке Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, сондай-ақ Индонезияның, Иранның және Кубаның өкілдері қатысты.

Айта кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында жасанды интеллект технологиясын ЕАЭО қызметіне енгізуді ұсынды.

 

Ұқсас ақпараттар

МҮГЕДЕКТІКТІ БЕЛГІЛЕУ БОЙЫНША КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС ӨТУДЕ

admin_mugalzhar

Ертең кей өңірде 41 градусқа дейін ыстық болады

admin_mugalzhar

Шығарындылар 7,2%-ға төмендеді, қоқыс алаңдарының 91%-ы жойылды: Ерлан Нысанбаев елдегі экологиялық жағдай туралы

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.