«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘСКЕРИ МАМАНДЫҚ-АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

Қандыағаш қаласындағы №4 жалпы білім беретін орта мектепте мектеп түлектерімен тағылымды кездесу өтті. Кездесу әскери мамандыққа қызығушылық танытқан оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шараға Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде білім алып жүрген мектеп түлектері қатысып, өздерінің оқу барысы мен әскери өмірдің ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді. Атап айтқанда, кездесуге Әділет Мәдиұлы, Дәулет Алдияр, ағайынды Ислам және Исмаил Аманғали қатысты.
Кездесу барысында әскери оқу орнына түсу талаптары, оқу мен тәртіп, күнделікті дайындық жайлы кеңінен айтылды. Сонымен қатар әскери колледждің тыныс-тіршілігін таныстыратын бейнероликтер көрсетілді. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға түлектер нақты жауаптар берді.
1 курс студенті Әділет Мадиұлының айтуынша, әскери оқу орны болашақ офицерлерді жан-жақты даярлауға бағытталған. Ал 2 курс студенті Ислам Аманғали әскери өмірдің жауапкершілік пен тәртіпке негізделетінін атап өтіп, бұл жолды таңдауда табандылықтың маңызды екенін жеткізді.
Шараға алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері мен 9-сыныптың ер бала оқушылары қатысып, әскери мамандыққа қатысты пайдалы мәліметтер алды.

Ұқсас ақпараттар

ҚАНДЫАҒАШТЫҚ КӘСІПКЕР ЖҰП ТІГІН ЦЕХЫН АШПАҚ

admin_mugalzhar

АНАМНЫҢ ЖОЛЫН ҚУЫП, ДӘРІГЕР АТАНДЫМ…

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы: «Кейінгі кезеңде екі ел арасындағы тауар айналымының жыл сайынғы көлемі тұрақты түрде 4 миллиард доллардан аса қаржыны құрайды»

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.