«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Инфрақұрылым, заң үстемдігі және адами капитал: Президенттің ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмалары қалай жүзеге асырылуда

Үкімет Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағытын жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың төрт отырысы барысында айтқан бастамаларын жүзеге асыру елді трансформациялаудың негізгі тетіктерінің бірі болды. Бастамаларды іс жүзінде жүзеге асыру үшін заңнамалық база қамтамасыз етілді, 26 заң қабылданды.

Жүзеге асырудың негізгі бағыттары:

Инфрақұрылым: «Астана – Арқалық – Торғай – Ырғыз» автомобиль жолының құрылысы басталды. Арқалық қаласының әуежайы қалпына келтірілуде.
Спорт және мемлекеттік активтер: жекешелендіру процесі жалғасуда. 6 клуб жеке меншікке өтті.
Заң және тәртіп: вейптерге толық тыйым салынды, букмекерлік кеңселердің қызметін реттеу күшейтілді, құқық бұзушылықтың алдын алу туралы бірыңғай заң қабылданды.
Әлеуметтік сала: ерекше қажеттіліктері бар балаларды белсенді қолдау үшін цифрлық модуль енгізілуде. 2025 жылы 232 мектептің құрылысы жоспарланған.
Цифрландыру: салықтық әкімшілендіру мен көлік саласында ЖИ-ді пайдалана отырып, 36 жобаны енгізу жоспары іске қосылды. Ұлттық банк криптоиндустрияны халықаралық стандарттар бойынша реттеуді әзірлейді.

Шолудың толық нұсқасы:
https://primeminister.kz/news/reviews/infrakurylym-zan-ustemdigi-zane-adami-kapital-prezidenttin-ulttyk-kuryltaida-aitylgan-tapsyrmalary-kalai-zuzege-asyryluda-30977

@KZgovernment

Ұқсас ақпараттар

Геннадий Головкин әлемдік рейтингіде көш бастады

admin_mugalzhar

СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

admin_mugalzhar

Шетелдік БАҚ: өндіріс үшін Қазақстанды таңдайтын шетелдік компаниялардың қатары артып келеді

admin_mugalzhar