«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ: ЖАҢА БАСТАМАЛАР МЕН ИДЕЯЛАР АЛАҢЫ

Қоғам дамуының әр кезеңінде ел тағдырын айқындайтын, тарихи бағыт-бағдарды белгілейтін ерекше алаңдар болады. Ол – жай ғана жиналыс емес, мемлекеттің болашағына әсер ететін шешімдер тоғысатын, билік пен халық арасындағы жауапкершілік көпіріне айналатын кеңістік. Қазақстан үшін кейінгі жылдары дәл осындай маңызға ие институт – Ұлттық құрылтай.

Елдің болашағы — білім, мәдениет, әділеттілік, қауіпсіздік және тең мүмкіндік ар­қы­лы құрылады. Ал Ұлттық құрылтай – осы үдерістің жүрегі, қоғамдық сұранысты нақты іс-қимылға айналдыратын күш. Сөз­ден іске өту, идеядан шешімге жету – дәл осы құрылтайдың миссиясы.

Президент Тәуелсіздік, Республика, Бірлік мемлекеттілігіміздің мызғымас тұғыры екенін дөп басып айтты. Біз бұл ұғымдарға ерекше мән беруіміз керек. Әр азаматтың жүрегіне ұялайтын басты құндылығымыз да осы. Оны көздің қарашығындай сақтаймыз десек, мықты ұлт, іргелі мемлекет құруға күш салуымыз қажет.

Аманкелді Шунимов, Мұғалжар ауданының Құрметті азаматы.

Ұқсас ақпараттар

Биыл қандай мамандықтарға көп грант бөлінді? – министрлік жауап берді

admin_mugalzhar

Ералы Тоғжанов: Біз ардагерлерімізге Отанға деген сүйіспеншілігі мен батылдығы арқасында ұрпаққа сыйлаған бостандық пен бейбіт өмір үшін бас иеміз

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР: МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ 126 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕР ҚАЙТАРЫЛДЫ

admin_mugalzhar