«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Этномәдени бірлестіктер басшыларымен кездесті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Астанадағы Достық үйінде республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен кездесті.

Басқосуға Зайнуддин Махусеев, Акбаржон Исмаилов, Тауфик Каримов, Наринэ Микаелян, Ахмет Мурадов, Юрий Тимощенко, Абдулла Исматуллаев, Шавкат Исмаилов, Дмитрий Останькович, Абилфас Хамедов, Виталий Тварионас, Исидор Борчашвили, сондай-ақ Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Закиржан Кузиев, Евгений Больгерт, Сергей Пономарев, Наталья Дементьева және Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов қатысты.

Кездесуде Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында айтылған бастамалар мен этномәдени бірлестіктердің елдегі саяси жаңғырудың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу мәселелері талқыланды.

Мемлекеттік кеңесші жүр­гізіліп жатқан конституциялық реформаның еліміздің орнықты дамуында маңызы зор екенін атап өтті. Ерлан Қариннің айтуынша, мемлекеттік саясаттың «Бірлігіміз – әралуандықта» мызғымас қағидаты қоғамдық бірліктің негізі саналады.

Этномәдени бірлестіктердің өкілдері Мемлекет басшысының мәдени-гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыт­тағы бастамалары мен шешімдері, сондай-ақ Құрылтайдың бесінші отырысында айтылған ұсыныстар ел дамуының жаңа кезеңіне қатысты тұтас көзқарасты қалыптастыратынын жеткізді.

Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері Президент бастамаларын қолдайтынын білдіріп, алдағы ре­фор­маларды іске асыруға белсенді түрде қатысуға дайын екенін айтты.

Ұқсас ақпараттар

Азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мәселесі қаралды

admin_mugalzhar

Қазақстанда республикалық маңызы бар 4,7 мың шақырым жол салынады

admin_mugalzhar

БАҚША БАПТАП, БЕРЕКЕ ТАПҚАН КӘСІПКЕР

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.