«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ -ӘЙЕЛ КӘСІПКЕРГЕ БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІК

Бүгін Мұғалжар ауданына «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының өкілдері келді.

Делегация құрамында «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының Ақтөбе облысы бойынша ауыл әйелдерімен жұмыс жөніндегі төрайымы Бану Тлегенова, «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық Әйелдер қанатының жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты Күлшат Масалимова, қалалық мәслихат депутаттары Жанна Умарова мен Нұржамал Күленкеева, «Өрлеу» кәсіби даму институтының кафедра меңгерушісі, магистр Болат Бұхарбаев, мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс жөніндегі басқарманың кредит маманы Анель Косумова, Мұғалжар ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Роза Мүсенова, сондай-ақ Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі директорының ақпараттық істер жөніндегі орынбасары Махаббат Ғалымжанқызы болды.

Іссапар ең алдымен Мұғалжар аудандық «Қамқор» отбасын қолдау орталығынан басталды. Орталық басшысы Салтанат Сұлтанова мекеменің негізгі бағыттары мен бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстары туралы кеңінен әңгімелеп, ғимаратты таныстырды. Қиын жағдайға тап болған отбасыларға көрсетіліп жатқан әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмектерге тоқталып, олардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған қолдау шаралары туралы баяндады.
Одан кейін делегация «Алтын сапа» тігін шеберханасына барды. Шеберхана иесі Дәмеш Сарымсақова өндіріс барысымен таныстырып, соңғы заманауи тігін технологияларын көрсетті. Әрбір құрал-жабдықтың мүмкін-дігін түсіндіріп, тапсырысты қа-былдаудан бастап дайын өнім-ге дейінгі жұмыс үдерісін көр-сетті. Бүгінде бұл шеберханада 21 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, олардың барлығы дерлік қыз-келіншектер.

Облыс орталығынан келген топ сапар барысында аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетін де аралады. Қазіргі таңда Мұғалжар ауданында 300-ден астам мүгедектігі бар бала болса, олардың 100-ден астамы осы орталықта кешенді түзету-дамыту көмегін алады. Кабинет меңгерушісі Перуза Аяпова мекеменің басты мақсаты — ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, түзете оқыту, жеке тұлға ретінде қалыптастыру және әлеуметтік ортаға бейімдеу екенін атап өтті.
Мекемеде баланы жан-жақты зерттеп, сапалы көмек көрсету үшін қажетті материалдық-техникалық база толық жабдықталған. Кабинеттер талапқа сай безендірілген. Мұнда дефектолог, логопед, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, тәрбиеші, музыкалық ырғақ педагогі, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы қызмет атқарады. Мамандар сабақтарды жеке және топтық форматта өткізіп, әр баланың диагнозы мен жас ерекшелігіне сай жеке даму бағдарламаларын құрып, заманауи әдіс-тәсілдерді қолданады.
Сондай-ақ осы ғимаратта Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия (ПМПК) орналасқан. Комиссия Алға, Мұғалжар, Шалқар, Байғанин және Темір аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Бұл туралы маман Жанар Бүр-кіталина мәлімдеді.

Бір ғимаратта түзеу кабинеті мен ПМПК-ның қатар орналасуы мамандардың өзара тығыз байланыста жұмыс істеуіне, ерекше балалар мен олардың ата-аналарына кешенді әрі қолжетімді көмек көрсетуге үлкен мүмкіндік беріп отыр.

Ұқсас ақпараттар

3 мың қазақстандыққа жалдамалы баспана үшін субсидия беру мақұлданды

admin_mugalzhar

Бірлігіміз жарасқан – тату елміз

admin_mugalzhar

Биыл облыста 18 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.