«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Конституцияда елдің әкімшілік-аумақтық құрылымын конституциялық заңмен айқындау қажет – Дания Еспаева

АСТАНА. KAZINFORM – Конституцияда елдің әкімшілік-аумақтық құрылымын конституциялық заңмен айқындау қажет. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның отырысында Мәжіліс депутаты Дания Еспаева айтты.

Парламенттік реформа бастамасы бүкіл Ата заңды қайтадан, терең зерделеуді талап етіп отыр. Қоғамдық қатынастың өзгеруі, жаңа технологиялар, цифрландыру және жасанды интеллект қосымша құқықтық реттеу шаралар қажеттігін тудырды. Қазіргі заманғы сын-қатерлер мен адам құқықтарының тереңірек реттелуі жаңартылған заңнамалық базаны қажет етеді. Мұның бәрі негізгі заңда көрініс табуы керек. Жекелеген түзетулер мұндай өзгерістерді орнықты іске асыру үшін қажетті тұтастық пен айқындықты қамтамасыз етпейді, — деді Мәжіліс депутаты.

Оның айтуынша, елімізде арнайы экономикалық режимнің пайда болуы аумақтарды дамыту мен инвестиция тартудағы Қазақстанның экономикалық мүдделеріне жауап береді. Бұл ретте әкімшілік-аумақтық құрылымға ықпал етуі мүмкін деген қауіптің алдын алған жөн. Осыған орай республиканың егемендігі оның бүкіл аумағына таралады және мемлекет аумағының қолсұғылмайтындығын, тұтастылығын және ажырамастығын қамтамасыз етеді.

– Осыған орай әкімшілік-аумақтық құрылым мәселесін заңмен емес, конституциялық заңмен айқындауды ұсынамын. Бұл біз күшейтуге тиіс конституциялық кепіл. Сондықтан кеше қолымызға алған жобаның 2-бабын тиісті ережемен бекітуді ұсынамын, — деді Дания Еспаева.

Мәжіліс депутаты мемлекетке заманауи және орнықты құқықтық база қажет екенін атамп өтті.

– Жаңа Конституция — біз күткен реформалар үшін ең жоғары заңдылық актісі. Ол Қазақстан Республикасы мемлекеттіліктің жаңа кезеңіне қадам басып, негізгі заңы бүкіл ел дамуының кепіліне айналғанының айғағы болмақ, — деді ол.

 

Ұқсас ақпараттар

ЕЛАМАН – САМБО КҮРЕСІНЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

admin_mugalzhar

ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

admin_mugalzhar

ЕМБІЛІКТЕР КӨМЕК СҰРАЙДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.