«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жаңа Конституция жобасы: бүгінгі өзгеріс, ертеңгі даму

Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тек бір палаталы Парламент құру шеңберінде емес, мемлекеттік басқару жүйесіне де байланысты Конституцияның көптеген баптарын өзгертуге тура келетінін айтты. Өйткені отандастарымыздың жолдаған екі мыңнан аса ұсынысы жарты жылдан бері қаралып, мәресіне жеткен екен. Ата Заңды жаңалаумен айна­лысатын Конституциялық комиссия құрылып, өз жұмысын бастап, жаңа жобаның алғашқы нұсқасын жариялап та үлгерді.
Ата Заңның мазмұны жаңа ұлттық құндылықтар мен заман талаптарына негізделген. Яғни, Конституциялық құрылыс мақсаты, қағидаттары, себептері, қоғам мен мемлекеттің даму бағыты, қоғамдық бағдарды айқындайтын биліктің миссиясы, тарихи, мәдени, отбасы және ұлттық құндылықтарға бағытталды.

Ерғали Сәрсенғали, белсенді жас.

Ұқсас ақпараттар

ҚАНДЫАҒАШТЫҚ БАСКЕТБОЛШЫ ОҚУШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

admin_mugalzhar

Президент экологиялық айыппұлдардың бір бөлігін жергілікті бюджетке төлеу мәселесін пысықтауды тапсырды

admin_mugalzhar

22 шілдеден бастап күмәнді ақша аударымдары бұғатталады

admin_mugalzhar