«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жаңа Конституция — жаңа өзгерістер

Қазіргі қолданыстағы Ата Заңымызда неке ұғымына нақты анықтама берілмеген. Ал жаңа Конституция жобасында: «Неке – ер мен әйелдің мемлекет заңына сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағы» деп нақты көрсетілуі – бір қарағанда қысқа норма болғанымен, мазмұны жағынан ауқымды. Бұл жерде бірнеше қағидат бір тармақта тоғысып отыр.
Біріншіден, «мемлекет заңына сәйкес тіркеген» деген талап көлеңкелі, діни немесе азаматтық тіркеусіз некелердің құқықтық салдарын шектейді. Практикада біз тіркелмеген неке салдарынан әйелдердің мүліктік құқықтары қорғалмай, алимент өндіріп алу қиынға соғатын жағдайларды көреміз. Конституциялық деңгейде тіркеудің бекітілуі – әйелдер мен балалардың құқықтық қауіпсіздігін күшейтеді.
Екіншіден, «ерікті» деген ұғым – мәжбүрлі некеге нақты тосқауыл. Бұл, әсіресе, жас қыздардың келісімінсіз тұрмысқа шығару, қысым көрсету, дәстүрді желеу ету сияқты құқық бұзушылықтарға қарсы құқықтық ұстанымды айқындайды. Еріктілік қағидаты – адамның жеке бостандығын қорғау.
Үшіншіден, «тең құқықты» деген анықтама отбасындағы құқықтық теңдікті бекітеді. Ол мүліктік қатынастарда, бала тәрбиесіне қатысты шешімдерде, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда маңызды құқықтық негіз бола алады.
Отбасымен тікелей жұмыс істейтін ұйым басшысы ретінде бұл норманы алдын алу сипатындағы батыл әрі уақтылы шешім деп санаймын. Конституциялық деңгейде нақты анықтаманың берілуі – әлеуметтік мәселелерді кейін түзетуден гөрі, олардың туындауына жол бермеуге бағытталған жүйелі өзгеріс.

Салтанат Сұлтанова Мұғалжар аудандық Қамқор отбасын қолдау орталығының директоры.

Ұқсас ақпараттар

Елімізде әлеуметтік көмек кімге берілетінін ЖИ анықтайды

admin_mugalzhar

Президент тапсырмаларын орындау: Елімізде 10 мыңнан астам орынға арналған жатақханалар іске қосылады

admin_mugalzhar

Мемлекеттік қызметшілерге арналған кәсіби өзін-өзі дамыту орталығы ашылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.