«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Президенттің кезекті сайлауы: Өкілеттік мерзімі және дауыс беру ережесі нақтыланды

Бүгін жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қорытынды жобасында Мемлекет басшысын кезекті сайлау тәртібі мен дауыс беру қорытындысын шығарудың талаптары айқындалды, деп жазады Egemen.kz.

«Қазақстан Республикасының Президентін Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары конституция­лық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды», делінген Ата заңда.

Естеріңізге сала кетейік, Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Президент болып сайлана алмайды.

«Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді жетік меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын, жоғары білімі бар және мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымда кемінде бес жыл жұмыс істеген Қазақстан Республикасының азаматы сайлана алмайды», делінген Конституцияда.

Президенттің кезекті сайлауы оның өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірілмей өткізіледі және Құрылтайдың жаңа құрамын сайлау мерзімімен тұспа-тұс келмеуге тиіс.
«Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайызынан астам дауысын алған кандидат сайланды деп саналады. Кандидаттардың ешқайсысы елу пайыздан астам дауыс ала алмаса, ең көп дауыс санын алған екі кандидат қайта дауысқа салынады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауыс санын алған кандидат сайланды деп саналады», делінген Ата заңда.

Ұқсас ақпараттар

ЖАННҰР — УНИВЕРСИТЕТ ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

admin_mugalzhar

БІРДЕ-БІР ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛМЕГЕН АУЫЛ

admin_mugalzhar

2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫ: АУДАН МЕКТЕПТЕРІНІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ҚАЛАЙ?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.