«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жаңа Конституцияда жеке деректерді сақтауға заңмен кепілдік беріледі

Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қорытынды жобасы жарияланды. Жобада жеке өмірге қол сұғылмау құқығына заңмен кепілдік берілетіні жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа конституция жобасына сәйкес жеке және отбасы құпиясының болу құқығына, цифрлық технологияларды қолдануды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан қорғау құқығына заңмен кепілдік беріледі.

«Банк операцияларының, жеке салымдар мен жинақ­тардың, жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта хабарламаларының және байланыс құралдары, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы берілетін өзге де хабарламалардың құпиясы заңмен қорғалады», деп жазылған жобада.

Бұл құқықты шектеуге заңда белгіленген жағдайда және көзделген тәртіппен ғана жол беріледі.Мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әр адамға өз құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжатпен, шешiммен және ақпарат көзiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

Ұқсас ақпараттар

ЕРЛІК – ҰРПАҚҚА МҰРА

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының филиалы ашылады

admin_mugalzhar

Қазақстандық оқушылар үшін жазғы мектептер ашылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.