«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Бір палаталы Парламент партиялардың рөлін күшейтеді — депутат

АСТАНА. KAZINFORM — Бір палаталы Парламент — Құрылтай Қазақстандағы партиялық құрылымды тиімді етуге ықпал етеді. Бұл туралы Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан Jibek Joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасында айтты.

Менің ойымша, депутаттары тек пропорционалды жүйе бойынша сайланатын бір палаталы Парламент саяси партияларды айтарлықтай күшейтеді, — деді Айгүл Құспан.

Депутат атап өткендей, кейінгі жылдары Қазақстанда партиялық құрылыс әлсіз болды. Кейбір партиялар ішкі келіспеушіліктер мен бытыраңқылыққа ұшырап, бұл олардың тұрақтылығына кері әсерін тигізді.

Сонымен қатар, спикер AMANAT пен «Ақ жол» партияларынан басқа саяси партиялардың салыстырмалы түрде «жас» екенін және аймақтарда жеткілікті өкілдікке ие еместігін атап өтті.

Айгүл Құспанның пікірінше, егер Парламент пропорционалды жүйе бойынша құрылса, партиялар өздерінің аймақтық құрылымдарын күшейтеді, қолдаушыларын көбейтеді және заң шығарушы органға өту үшін бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Депутат сондай-ақ Парламентте партиялардың кеңірек өкілдігі идеясына қолдау білдірді.

 

 

Ұқсас ақпараттар

ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫҢ ӘКЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

admin_mugalzhar

Хромтауда жел электр стансасы ашылады

admin_mugalzhar

Жаңа Конституция – болашаққа салынған берік негіз

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.