«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ЖАС САҚШЫ» КАДЕТ СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

№2 Ембі қалалық жалпы білім беретін орта мектебінде «Жас сақшы» кадет сыныбының ашылу салтанаты өтті. Бұл бастама “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының “Заң және Тәртіп” құндылығы аясында жүзеге асырылып, білім алушылардың бойына патриотизм сезімін сіңіруді, заңға құрметпен қарауды және ел мен қоғамды қорғауға дайын азамат тәрбиелеуді мақсат етеді.
Полиция сыныбын ашу жасөспірімдердің құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттыруға, құқықбұзушылықтың алдын алуға, ел тыныштығын күзететін жаңа буын полицейлерді тәрбиелеуге жол ашады. Жобаның сәтті іске асуы қоғамдық қауіпсіздікті нығайтып, полиция мамандығының мәртебесін көтеруге ықпал етеді.
Ашылу салтанатына Мұғалжар ауданы прокурорының орынбасары Нұрлан Сандыбай, Мұғалжар аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Гафур Оңалбаев, Мұғалжар аудандық білім бөлімінің әдіскері Асылхан Кендебайұлы, Ембі қалалық полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Берик Жалашев, Ембі қаласы әкімінің орынбасары Иманбай Космуханбетов, сондай-ақ оқушылар мен ата-аналар қауымы қатысып, жас сақшыларға ізгі тілектерін білдірді.
Шара барысында ант қабылдаған жас сақшыларға арнайы куәліктер табысталып, кадет сыныбында тәрбиеленушілердің бойына патриоттық рухты, азаматтық жауапкершілікті, әскери шеберлік пен Отан қорғау дағдыларын қалыптастыру мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда зейнетақы төлемдері артады

admin_mugalzhar

«Ақтөбе жастары» бойынша өтініш қабылдау басталды

admin_mugalzhar

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: БІРІККЕН ПАРЛАМЕНТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.