Жаңа Конституция жобасын түсіндіру мақсатында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аудандық коалиция мүшелері аудан тұрғындарымен және бірқатар еңбек ұжымымен кездесулер өткізіп, құжаттағы негізгі өзгерістер туралы айтты.
Алдымен аудандық коалиция мүшелері Қандыағаш пайдалану вагон депосының ұжымымен кездесті.
Жиында коалция мүшелері 15 наурызда өтетін республикалық референдумның тарихи маңызына кеңінен тоқталып, Конституциялық реформа азаматтардың сұранысына негізделгенін және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылатынын атап өтті.
Мұғалжар аудандық жастар ресурстық орталығында аудан жастары және волонтерлік топ өкілдерімен кездескен коалиция мүшелері Ата Заң жобасының өзегі – адам құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылық ретінде айқындау екенін баса айтты.Сондай-ақ ол құжатта Егемендік пен Тәуелсіздік елдің аумақтық тұтастығы өзгермейтін құндылықтар санатына енгізілген жеткізді.
Маңызды кездесу Мұғалжар аудандық Қамқор отбасын қолдау орталығында жалғасты. Мұнда аудан ардагерлері және көпбалалы отбасылармен, әлеуметтік осал топ өкілдерімен кездескен коалиция мүшелері ұсынылып отырған өзгерістер – еліміздегі саяси жүйені жүйелі жаңғыртуға бағытталған бастамаларының заңды әрі дәйекті жалғасы екенін тілге тиек етті. Алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Коалиция мүшелері Қандыағаш қалалық №1 жалпы білім беретін орта мектебіне барып, Мұғалжар аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде білім саласының мамандары Жаңа Конституция жобасының түбегейлі жаңа тұстары бойынша сұрақтарын қойып, іс-шара спикерлерінен нақты әрі толық жауап алды.

