«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ДАМУҒА БАСТАЙТЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗ

Бейсенбі күні «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының мүшелері «Рамазан» ЖШС ұжымымен кездесті.

Ұн өнімдерін шығаратын компания өкілдеріне Конституцияның жаңа жобасы мен референдум туралы айтылды.
— Жаңа Конституция — елдің ұзақ мерзімді дамуының ұлттық бағдары. Онда қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ететін және азаматтардың құқығы мен бостандығына кепілдік беретін негізгі қағидалар айқындалған. Бұл әлеуметтік тұрақтылықты нығайтады. Әрі заңның айқындығы мен бірізділігі қоғамдық қатынастардың жүйелі реттелуіне ықпал етеді. Бұл өз кезегінде экономикалық, әлеуметтік және саяси даму үдерістерінің тиімді жүзеге асуына жағдай жасайды. Жаңартылған нормалар мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттырып, қоғамдағы сенімді күшейтуге бағытталған. Сонымен қатар бұл құжат елдің стратегиялық бағытын айқындайды. Адам капиталына, білім мен ғылымға, әлеуметтік әділдікке мән берілуі — өркениетті даму жолының көрсеткіші. Осы тұрғыдан алғанда жаңа Конституцияны ел дамуының берік құқықтық негізі ретінде бағалауға болады және оны қолдауымыз керек. Мен референдумға барамын. Сіздерді де өз азаматтық ұстанымды білдіріп, қалыс қалмауға шақырамын, — деді өңірлік коалиция мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Күлшат Масалимова.
Жиынға қатысқан өзге де мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері осы тақылеттес ой-пікірін ортаға салды.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Ұқсас ақпараттар

РӨЛІ ОҢ ЖАҚТА ОРНАЛАСҚАН КӨЛІКТЕР ЕНДІ ТАКСИ ҚЫЗМЕТІН АТҚАРМАЙДЫ

admin_mugalzhar

АЩЫСАЙ МЕН САБЫНДЫКӨЛ АУЫЛДАРЫНА ГАЗ ТАРТЫЛУДА

admin_mugalzhar

САЯН — КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.