«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Астанада жалпыұлттық референдумды қолдауға арналған концерт өтті

Астанадағы Mega Silk Way сауда-ойын-сауық орталығында 15 наурызда өтетін жалпыұлттық референдумды қолдауға арналған концерт өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ауқымды шара «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының қызметі аясында ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, концертке 5 мыңға жуық адам қатысты. Олардың қатарында жастар, қоғам өкілдері және сауда-ойын-сауық орталығының келушілері болды.

Концертте отандық эстрада жұлдыздары – Маржан Арапбаева, «Бәйтерек» тобы, Еркеш Хасен, Мәди Сыздықов, «Жошы» тобы, Зарина Божакова және Мирас Жүгінісов өнер көрсетті.

Сондай-ақ концертке Мәжіліс депутаттары, Астана қаласы мәслихатының депутаттары, Қоғамдық кеңес пен жалпыұлттық коалиция штабының мүшелері де қатысып, көпшіліктің алдында сөз сөйледі. Олар Ата Заңының жаңа жобасындағы негізгі реформаларға тоқталып, ұсынылып отырған өзгерістердің құқықтық мемлекетті одан әрі дамыту және қоғамдық бірлікті нығайту үшін маңызын түсіндірді.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысында мал ұрлығы төмендеді

admin_mugalzhar

ҚАНТ ДИАБЕТІ — КӨП АУРУҒА СЕБЕП

admin_mugalzhar

30 наурыз – Халықаралық қалдықсыз күн

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.