«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚҰМЖАРҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

2026 жылғы 1 наурызда Құмжарған ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Мұғалжар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 наурыздағы шешімі негізінде өзін-өзі тәртібімен ұсынылған Утеулин Бекнұр Таңатарұлы Құмжарған ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Бекнұр Утеулин 1978 жылы дүниеге келген. Ақтөбе политехникалық колледжін, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын Құмжарған орта мектебінде спорт үйірмесінің жетекшісі қызметінен бастаған. Әр жылдары Ембі қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы-оқытушы, Құмжарған орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі, спорт нұсқаушысы қызметтерін атқарған. 2019 жылдан бастап Құмжарған орта мектебінің директоры қызметін атқарып келді.

Аудан басшысы Дархан Ермағанбетов жаңадан сайланған Бекнұр Таңатарұлының жұмысына сәттілік тілеп, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Ұқсас ақпараттар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

Қаңтарда минус 35-40°С аяз: Синоптиктер биыл Қазақстанда қыс қандай болатынын айтты

admin_mugalzhar

1910 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

admin_mugalzhar