«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖЕРЛЕСТЕРДІҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСТЕРІ

7-12 сәуір күндері Таиланд мемлекетінің Бангкок қаласында пара пауэрлифтингтен «Asia-Oceania Open Championships» жарысы өтуде.

Осы додаға 23 елден 249 спортшы қатысуда. Ел намысын қорғаған жерлесіміз Гүлім Құрманбаева 50 келіге дейінгі салмақта жүлделі ІІІ орынды иеленіп, Жапония мемлекетінде өтетін пара азиялық ойындарға жолдама алды.

44 келі салмақта сынға түскен ақтөбелік Әлібек Нұраш 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жеңімпаз атанды. Шәкірттерінің жеңіс тұғырынан көрінуіне бапкері Сергей Ведюшкин септігін тигізді. Сергей Ведюшкин пара пауэрлифтингтен Ақтөбе облысының жаттықтырушысы және Мұғалжар аудандық мәслихатының депутаты

Ұқсас ақпараттар

Өткен жылы елімізде шығарылған дәрі-дәрмек көлемі 22%-ға артты

admin_mugalzhar

ДОМБЫРАНЫ СЕРІК ЕТКЕН ӨНЕРЛІ ЖАН

admin_mugalzhar

Барлығына қол жеткізу: Қазақстанда алдағы референдумда мүгедектігі бар адамдар үшін қандай жағдай жасалған

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.