«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТУҒАН ӨҢІРДІҢ ТОПЫРАҒЫН ЗЕРТТЕГЕН АҚЖҮНІС

Қоғам дамуының басты қозғаушы күші – білім мен ғылым екені белгілі. Осы жолда аянбай еңбек етіп, өз саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген жандардың бірі – география бағыты бойынша PhD (философия докторы), қауымдастырылған профессор, тәжірибелі ұстаз Ақжүніс АБДУЛЛИНА. Ол – тек ғылым жолында ғана емес, жас мамандарды тәрбиелеуде де үлкен еңбек сіңіріп жүрген жан.

АқжүнісҒафурқызыАқтөбеоблысы Мұғалжар ауданы Жағабұлақ ауылындадүниегекелген. Ауылмектебінде білім алып, 2001 жылы Жаңажол орта мектебін аяқтады. Сол жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетіне «Тарих жәнегеография» мамандығыбойынша оқуға түсіп, 2005 жылы оқу орнын тәмамдаған. Еңбек жолын осы оқу орнында бастап, Тарих факультетінде оқытушы болып қызмет атқарады. Кейін декан орынбасары қызметін де абыроймен алып жүреді. Оның ғылымға деген қызығушылығы мектеп қабырғасында оқып жүргенде қалыптасқан. Әсіресе, география пәніне деген сүйіспеншілігін ұстазы Гүлнар Беркалиева оятқан.

География пәніне деген қызығушылығыма 6-сыныптан бастап сабақ берген ұстазым ықпал етті. Ол кісі өте талапшыл әрі білімді болды. Соның арқасында аудандық, облыстық олимпиадаларға қатысып, болашақмамандығымды осы саламен байланыстыруды шештім. Жалпы менің ата-анам Ғафур Абдуллин және Камила Моязова үнемі үйде балаларының білім алуына жағдай жасап, оқуға түсіру үшін мүмкіндіктерін аямады. Мектеп қабырғасында жүргенде олимпиадаларға қатысуға, кейін ЖООға оқуға түсуде, мамандық таңдауда үнемі ата-анаммен қатар қолдаушы болған адам – үлкен әкем Кеңес Абдуллин. Бұл кісі әкемнің үлкен ағасы. Ол үнемі балалардың оқудағы жетістіктеріне марқайып отыратын еді. Мектептегі алғаш әліппе үйреткен ұстазым Күлпаршын Қалиева апайды, кейін жекелеген пәндер бойынша сабақ берген Гүлнар, Гүлзия, Ұлжан, Балсұлу, Рита секілді апайларды атап айтқым келеді. Бұл кісілер бізді білім нәрімен сусындатып, дұрыс таңдау жасауымызға үлкен үлестерін қосты, – деді Ақжүніс Абдуллина.

Ғалымның білім жолы мұнымен тоқтап қалмады. 2008–2010 жылдары М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде география мамандығы бойынша магистратурада білім алады. Ал 2017–2020 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде докторантураны тәмамдап, 2022 жылы докторлық диссертациясын сәтті қорғайды. Оның ғылыми зерттеу тақырыбы Ақтөбе облысының топонимикасына арналыпты. Бұл – белгілі бір аймақтың жер-су атауларын зерттейтін ғылым саласы.

Қазақстанның кей өңірлері бойынша зерттеулер бар болғанымен, Ақтөбе облысының топонимикасы географиялық тұрғыда толық қарастырылмаған еді. Сондықтан осы тақырыпты таңдадым. Зерттеу нәтижелері болашақтағы ғылыми жұмыстарға негіз болады деп ойлаймын. Жалпы ғылыми диссертация қорғап, дәрежеалу – тек ғылымға ашылған есік қана. Мұны үнемі ғылыми жетекшіміз, ғалымдар айтып отыратын. Сондықтан біздің жұмысымыздағы зерттеу нәтижелері әрі қарай жүргізілетін зерттеулерге сәл де болса үлес болды деп ойлаймын, – деді доктор Ақжүніс Ғафурқызы.

Шынында да, мұндай зерттеулердің практикалық маңызы зор. Жер-су атауларын жүйелеу, тарихи атауларды қалпына келтіру, әкімшілік өзгерістер кезінде дәлел ретінде қолдану – осының бәрі ғылыми еңбектің өмірмен тығыз байланысын көрсетеді. Бүгінде Ақжүніс Абдуллина Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Тарих және география факультетінің деканы қызметін атқарып келеді. География бағыты бойынша PhD (философия докто-ры), қауымдастырылған профессор. Ол тек оқытушы ғана емес, жас ғалымдарға бағыт-бағдар беретін тәлімгер ретінде де танылған.

Қазіргі таңда зерттеу жүргізу заман ағымына қарай түрлі жаңа әдіс-тәсілдермен толығуда. Географиялық зерттеулерде дәстүрлі әдістермен қатар геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) сияқты жаңа технологиялардың мүмкіндігі зор. Солардың негізінде шөлдену процесі, өзен, көлдердің тартылуы, өндірістік аумақтардағы ландшафттардың өзгеруі, елдімекендердің өсуі немесе жойылуы сияқты мәселелерді қарастыруға болады деп ойлаймын. Қазіргі болып жатқан түрлі процестер бұл ғылымның тек табиғатты сипаттаумен шектелмей, технология, экономика және қоғаммен тығыз байланыста дамитынын көрсетеді. Әсіресе, ГАЖ технологиясы, жерді қашықтықтан зерттеу, спутниктік деректерді талдау, жасанды интеллект жан-жақты дамуға мүмкіндік береді, – деді ол.

Ақжүніс Абдуллина қазіргі жас зерттеушілерге, жалпы жастарға мүмкіндіктердің көп екенін, халықаралық деректер базасына қолжетімділіктің жоғары екенін жеткізіп, ең бастысы – ағылшын тілін жетік меңгеру қажеттігін айтты. Бүгінде ол тек ғылыми-зерттеу жұмыстарымен ғанаемес, студенттердің дипломдық жұмыстарына жетекшілік етіп, жас буынның қалыптасуына үлес қосып келеді. Әсіресе, туған өлкені зерттеу мәселесіне ерекше мән береді. Ол кейбір оқушылар өз өңірінің географиясын толық білмей жататынын да қынжыла айтты. Сондықтан аудан мектептерінде жергілікті географияны қосымша пән ретінде оқыту қажет деп есептейді. «Себебі әрбір адам өзінің туған жерінің жерсу атауларын, тарихын, географиясын біліп жүргені жақсы емес пе?!» – дейді ғалым.

Ғылым жолы үлкен табандылықты қажет етеді. Қай саланың болмасын нәтижеге қол жеткізу үшін біраз қиындықтар болады. Үш жыл докторантурада білім алған жылдарықиындау болған сәт – отбасыңнан біраз уақытқа алыста болу еді. Дегенмен отбасымның қолдауы маған күш-жігер берді деп айта аламын. Мен ғылыми жетекшімнің қарапайымдылығы, адалдығы мен жауапкершілігін үлгі тұтамын. Зерттеу жұмысын жүргізуде ғылыми жетекшінің кеңесі мен қолдауы өте маңызды. Білімді әрбір жастың ғылым жолын қууға құқығы бар. Ол үшін ізденісті тоқтатпау керек. Бүгінде мемлекет тарапынан ғылымға көптеп көңіл бөлінуде. Осындай мүмкіндіктерді жастар пайдалануы керек деп есептеймін, — деді ғылым докторы Ақжүніс Ғафурқызы.

Сөз соңында туған жердің географиясын терең зерттеп, ғылым мен білімді ұштастырып жүрген білікті маман Ақжүніс Абдуллинаның еңбегін өңірлік ғылымның дамуына қосылған маңызды үлес және жас ұрпақ үшін үлгі екенін айтқымыз келеді.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДА: ҚАНДЫАҒАШТЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

admin_mugalzhar

Министр Ұлттық қор табысынан балаларға ақша қалай аударылатынын түсіндірді

admin_mugalzhar

ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕКЕМЕСІНЕ 3 ЖАҢА ТЕХНИКА БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.