«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Таза Қазақстан: Ақтөбе мектептерінде экологиялық білімге басымдық берілуде

Ақтөбе қаласындағы №55 орта мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында «Ecolife: сана таңдауы» тақырыбында мазмұнды экологиялық сабақ ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсіндіру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Білім ордасында өткен шараға 100-ге жуық оқушы мен мұғалім қатысты. Экологиялық сабақ үш кезеңнен тұрып, теория мен практиканы ұштастырған тиімді форматта өтті.

Алғашқы кезеңде 5-сынып оқушылары мектеп ішіндегі экологиялық бұрышта табиғатты тану бағытында өз жобаларын таныстырды. Оқушылар туған жерге деген сүйіспеншілігін шығармашылық жұмыстар арқылы дәлелдеп, экологиялық білімдерін ортаға салды.

Екінші кезеңде 9-сынып оқушылары жылыжайда ұйымдастырылған практикалық сабаққа қатысып, гүл өсіру процесімен танысты. Олар бөлме өсімдіктерін отырғызып, күтім жасау жолдарын үйренді. Бұл тәжірибе оқушылардың биология пәніне қызығушылығын арттырып қана қоймай, табиғатқа жанашырлық көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.

Үшінші кезеңде жылыжайда өсірілген петуния гүлдері мектеп ауласына отырғызылды. Оқушылар өсімдіктерді дұрыс отырғызу техникасын меңгеріп, табиғатты аялаудың нақты қадамдарын іс жүзінде көрсетті. Нәтижесінде мектеп ауласы көркейіп, оқушылардың еңбегі көзге көрінерлік нәтижеге айналды.

«Бұл экологиялық сабақ оқушылардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі. «Жасыл әлем — жарқын болашақ» тақырыбы аясында жас ұрпаққа экологиялық мәдениет пен саналы көзқарас қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Осындай бастамалар арқылы біз болашақта қоршаған ортаны аялауға бейім, белсенді азаматтарды тәрбиелейміз» — дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Асия Махашова.

Шараға қатысқан 9-сынып оқушысы Майя Саркулованың айтуынша сабақ табиғатты қорғаудың қаншалықты маңызды екенін түсінуге көмектесті.

«Мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және өз үлесімді қосуға ынталандым», – дейді оқушы.

Жалпы, экологиялық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Мұндай игі бастамалар жас буынның табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың болашақ алдындағы жауапкершілігін нығайта түседі.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында әлеуметтік желілерде «Өзіңнен баста» челленджі де кеңінен қолдау тауып келеді. Бұл бастама әрбір азаматты қоршаған ортаны қорғауға белсенді қатысуға үндейді.

Ұқсас ақпараттар

ҮЙЛЕНУ ОҢАЙ, ҮЙ БОЛУ ҚИЫН

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРДЫҢ ҮЗДІК МАТЕМАТИКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ЖАҢА КӨПІР — ЕЛ ИГІЛІГІНЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.