«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӘСІПКЕРЛІК ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ТҮЙТКІЛДЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ембі қаласында Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің көшпелі отырысы ұйымдастырылып, аймақтағы бизнес өкілдерінің көкейіндегі түйткілдер кеңінен талқыланды. Жиынға Кеңес төрағасы Асхат Айтжанов, аудан және қала әкімдігінің өкілдері, прокуратура қызметкерлері, сондайақ Кәсіпкерлер палатасының мамандары қатысты.
Көшпелі отырыстың басты мақсаты – кәсіпкерлермен тікелей кездесіп, олардың нақты проблемаларын тыңдау, жергілікті жерде шешім қабылдауға мүмкіндік жасау және бизнесті дамытуға кедергі келтіріп отырған мәселелерді жүйелеу болды. Жиын барысында кәсіпкерлер тарапынан тарифтердің өсуі, жер қатынастарына байланысты қиындықтар, сондай-ақмемлекеттік гранттар мен бағдарламаларға қол жеткізудегі кедергілер көтерілді. Жалпы алғанда, 13 мәселе мен ұсыныс ортаға салынып, әрқайсысы бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берілді. Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Руслан Куйшинов өз сөзінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға жанжақты тоқталды. Оның айтуынша, Палатаға келіп түскен өтініштер жүйелітүрдеқаралып, бизнес өкілдерінің мүдделерін қорғау үшін құқықтық сүйемелдеу көрсетілуде. Сонымен қатар сот істері бойынша да кәсіпкерлердің пайдасына шешілген нақты мысалдар келтіріліп, бұл бағыттағы жұмыстың нәтижесі атап өтілді. Кеңес төрағасы Асхат Айтжанов көшпелі кездесулердің маңыздылығына ерекше тоқталды. Оның пікірінше, мұндай форматтағы жиындар кабинеттен шықпай қабылданатын шешімдерден гөрі тиімдірек.
— Көшпелі кездесулер – бизнестің нақты жағдайын өз көзімізбен көріп, кәсіпкерлермен ашық диалог орнатуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде мәселелерді жедел әрі тиімді шешуге жол ашады, – деді ол.
Шара аясында кәсіпкерлерді жеке қабылдауда ұйымдастырылды. Қабылдауға келген үш кәсіпкер өз жобаларын таныстырып, нақты сұрақтарын қойды. Олардың қатарында мал сою цехын ашу және макулатурадан кірпіш өндіру жобалары бар. Әрбір жоба бойынша тиісті сала мамандары тарапынан толыққанды кеңес беріліп, қажетті құжаттандыру, мемлекеттік қолдау тетіктеріжәне рұқсат алужолдары түсіндірілді. Кездесу нәтижесінде барлық көтерілген мәселелер мен ұсыныстар бақылауға алынып, олардың орындалуы Кәсіпкерлер палатасының назарында болатыны айтылды. Бұл кәсіпкерлер тарапынан көтерілген әрбір мәселенің назардан тыс қалмайтынын көрсетеді. Соныменқатар, көшпеліотырыс аясында әйел кәсіпкерлерге арналған арнайы семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында кәсіпкерлікті бастау және дамыту жолдары, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу тетіктері, қаржылай қолдау алу мүмкіндіктері кеңінен түсіндірілді. Бұл өз кезегінде өңірдегі әйелдердің кәсіпкерлік белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды. Кеңес мүшесі Арман Жылгелді салалық кеңестердің рөлін атап өтіп, олардың кәсіпкерлік ортаны дамытудағы маңызына тоқталды. Ал Ембі қаласының әкімі Наурызбек Сарбасов жергілікті атқарушы билік тарапынан бизнеске қолдау көрсету әрдайым басым бағыттардың бірі екенін жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

admin_mugalzhar

БІРЛІК АУЫЛЫНДА 5 ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

iPhone үшін WhatsApp-та жаңа мүмкіндік пайда болды

admin_mugalzhar