«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Президент Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді, деп хабарлайды Ақорда.

Орталықта жасанды интеллект саласындағы ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламалары жүргізіліп, стартап-бастамалар мен басқа да қолданбалы шешімдердің енгізілуіне жағдай жасалады.

Іске асырылып жатқан жобалар ЖИ технологиясын мемлекеттік секторда, бизнесте және күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік береді.

Жалпы, Орталық Мемлекет басшысының Қазақстанды технологиялық, заманауи және бәсекеге қабілетті елге айналдыруды көздейтін стратегиялық бағдарын орындау мақсатында құрылған.

Президент Орталықты аралау барысында Astana Smart City жобасының іске қосылғанына куә болды.

Бұл – интеллектуалды қала инфрақұрылымының жаңа буынын қалыптастыратын маңызды бастама.

Presight.AI компаниясының бас директоры Томас Прамотедхам қала жүйелері мен деректерді нақты уақыт режимінде біріктіретін бірыңғай АІ-платформаны, сондай-ақ оның шаһарды басқару тиімділігін арттыру барысындағы қолдану мүмкіндіктерін таныстырды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Оман энергетика мен цифрландыру салаларында ынтымақтастықты кеңейтетіні хабарланды.

Ұқсас ақпараттар

3 АДАМ ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ

admin_mugalzhar

Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне көлемді сұхбат берді

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында 669 мың га жер шегірткеге қарсы өңделді

admin_mugalzhar