«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Келешек мектебінде ерекше стартап жоба іске қосылды

Бүгінгі білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық құндылықтарды ғылыммен байланыстыра отырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Бұл бағытта еліміздің түкпір-түкпірінде ашылған Келешек мектептері ерекше белсенділік танытып келеді

Мәселен, Қостанай қаласындағы №32 Келешек мектебінде «Асық ату ойынындағы параболалық қозғалысты математикалық модельдеу» атты стартап жоба қолға алынды. Аталған зерттеу жұмысы ұлттық ойын мен заманауи ғылымды ұштастырады. Жоба асықтың ұшу траекториясын математикалық тұрғыдан талдау арқылы оның қозғалыс заңдылықтарын түсіндіру және нақты есептеулер негізінде тиімді ату әдістерін анықтайды. Бастама Келешек мектептерінде пәнаралық білім берудегі жаңашыл бағытты айқын көрсетеді.

Стартап жобаны аталған мектептің 8-сынып оқушысы Саяжан Ермағанбетова ойлап тапқан. Дарынды оқушыға математика пәнінің мұғалімі Қуанышбай Қарсақбай мен асық үйірмесінің жетекшісі, дене шынықтыру пәні мұғалімі Асылхан Шарипов жетекшілік еткен.

Осындай ізденістер арқылы мектеп ұжымы бабалар мұрасын ғылыммен сабақтастыра білетін, ертеңгі күні мемлекетіміздің тірегіне айналып, елге адал қызмет ететін білімді ұрпақ даярлауды мақсат тұтады.

Ұқсас ақпараттар

113 мыңға жуық талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді

admin_mugalzhar

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЖӨНДЕУ БАРЫСЫ ҚАРАЛДЫ

admin_mugalzhar

Бостандық пен құқыққа мемлекет тарапынан кепілдік беріледі – Динара Закиев

admin_mugalzhar