«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Президент: Мемлекет пен қоғам тұтастығын нығайту – алдыңғы қатарлы міндеттің бірі

АСТАНА. KAZINFORM – Ашық диалог жүргізу, азаматтардың мұң-мұқтажын ескеріп, арыз-шағымына дер кезінде жауап беру елдегі түбегейлі өзгерістердің өзегі саналады. Бұл туралы елордадағы «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі» атты халықаралық форумда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

-Жаңа ғана форум тақырыбы бойынша өзекті ойлар мен құнды пікірлер айтылды. Алдағы уақытта Үкімет бұл жұмысты міндетті түрде назарда ұстайды. Шын мәнінде, бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша. Мемлекет пен қоғам тұтастығын нығайту – Қазақстан үшін алдыңғы қатардағы міндеттің бірі. Еліміз тұрақты дамуы үшін халық пен билік арасында өзара сенім және келісім болуы керек. Бұл – мызғымас қағида. Бірақ мұндай келісім өздігінен пайда болмайтыны анық. Қоғамдық келісім, бұл — көпқырлы табанды жұмыстың нәтижесі. Сондықтан мен Президент ретінде осы өте өзекті мәселеге баса мән беремін, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Мемлекет басшысы еліміз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырып жатқанын еске салды.

— Ашық диалог жүргізу, азаматтардың мұң-мұқтажын ескеріп, арыз-шағымына дер кезінде жауап беру елдегі түбегейлі өзгерістердің өзегі саналады. Осы маңызды жұмысқа биліктің әр деңгейдегі өкілдері, соның ішінде министрлер, әкімдер, депутаттар белсенді түрде қатысуы керек. Бұл – мемлекеттік қызметшілердің конституциялық міндеті, — деді Президент.

 

 

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысына қатысты

admin_mugalzhar

Қазақстандық хоккейшілер Универсиадада қола жүлдеге ие болды

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТЫҚ БАСКЕТБОЛШЫ ОҚУШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

admin_mugalzhar