«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Президент меймандарға ілтипат білдіріп, бауырлас елдер ынтымақтастығын нығайтуда Түркі мемлекеттері ұйымының рөлі айрықша екенін айтты

– Осы тұста ұйымға мүше мемлекеттердің сот және құқық қорғау саласындағы ықпалдастығы күшейіп келе жатқанын атап өту қажет. Түркістан төрінде өтетін алқалы жиын соның айқын көрінісі болмақ. Әрбір өркениетті елдің өсіп-өркендеуі үшін сот жүйесінің маңызы зор. Сондықтан жоғарғы соттар арасындағы өзара тығыз байланысты тереңдету бауырлас елдеріміздің ортақ мүддесіне толық сай келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

✔️Мемлекет басшысы қазір көптеген елдер жаһандық технологиялық өзгерістер көшінен қалып қоймау үшін заман талабына қарай қарқынды даму жолына түсіп жатқанына назар аударды.

– Осы бағытта біз де күш-жігер біріктіріп, жұмыла әрекет етуіміз керек. Түркістанда өтетін конференцияда сот саласын цифрландыру мәселесі жан-жақты талқыға түседі. Сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын қорғау және басқа да маңызды мәселелер қаралады. Мұндай күн тәртібі өте орынды және өзекті деп айтуға болады. Осы мәселелер бойынша пікір алмасу біздің ұйымның одан әрі дамуына және оның беделінің күшеюіне үлкен серпін берері сөзсіз. Баршаңызға белгілі, Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы барлық игі бастамаларды қолдайды, алдағы уақытта да солай болмақ, – деді Мемлекет басшысы.

Ұқсас ақпараттар

Мади Мырзағараев: Әділдікке деген сенім қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асады

admin_mugalzhar

Ішкі істер министрлігі «Заң мен тәртіп» жаңа цифрлық сервисті іске қосты

admin_mugalzhar

АЛТЫНДЫДА АУҚЫМДЫ ІСТЕР АТҚАРЫЛМАҚ

admin_mugalzhar