«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ЖАСТАРЫ ЖАСАМПАЗДЫҚҚА БАСТАЙДЫ

№2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Мұғалжар аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ҚҰРМАНОВА ДАНАГҮЛ ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Өзін-өзі ұсынушы

ӨМІРБАЯН
Құрманова Данагүл Қуанышқызы — 1987 жылғы 26 қарашада Қандыағаш қаласында дүниеге келген. Қандыағаш қалалық №1 жалпы білім беретін орта мектебін бітіріп, 2009 жылы Алматы қаласындағы Шет тілдер және іскерлік мансап университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар көлік және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған. Ресей Федерациясының Уфа қаласындағы Ғылым және технология университетінде теология бағыты бойынша кәсіби қайта даярлау бағдарламасынан өткен. Қазіргі таңда психология мамандығы бойынша жоғары білімін жалғастыруда.
Еңбек жолын 2013 жылы Мұғалжар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде техникалық қызметкер болып бастады. 2018 жылы Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімінде іс жүргізуші қызметін атқарды. Сол жылы жастар арасындағы дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталыққа дін мәселелері бойынша маман болып ауысты.
2019–2026 жылдар аралығында аталған орталықта дін жөніндегі сектор меңгерушісі қызметін атқарып, діни тұрақтылықты сақтау, қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту және жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытында еңбек етті.
2026 жылдың 6 сәуірінен бастап Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар арасында дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталық» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарып келеді.
Еңбек жолында дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі ұйымдастырып, қоғамдағы тұрақтылық пен рухани құндылықтарды нығайтуға үлес қосып келеді.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
Құрметті сайлаушылар!
Бүгінде еліміздің дамуына мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалар зор үлесін қосуда. Атап айтатын болсам, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, денсаулық, білім салалары мен шағын және орта кәсіп бағыттары жағынан үлкен жетістіктерге жеттік. Осы орайда әрбір азаматтың еліміздің даму жолында қажырлы еңбек етуі қажет деп есептеймін. Сол себепті мен де өз үлесімді қосу мақсатында сайлауалды бағдарламама мына жұмыс бағыттарын белгіледім.

*Теміржол саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, көліктік логистиканы дамыту бағытында жұмыс істеуге;
*Мемлекеттік тіл мәртебесін арттыруға;
*Ауыл шаруашылығы саласында, оның ішінде жерді тиімді пайдалану, оны өңдеу, мал басын асылдандыруға;
*Жұмыссыздықты болдырмау мақсатында жастарды кәсіпкерлікке баулу, экономикалық сауаттылық пен дағдыны қалыптастыру үшін орталықтандырылған жұмыстар ұйымдастыруға;
*Ұлт денсаулығы – болашақ кепілі, ұлт мақтанышы – әрбір отбасындағы қазынамыз – қарттарымыз. Сондықтан егде жастағы азаматтардың өмір сүру ұзақтығын арттыру мақсатында бұқаралық-спорттық алаңдар мен бағдарламалардың жүзеге асырылуына үлес қосуға;
*Өскелең ұрпақты спортқа және салауатты өмір салтына баулу ісін жетілдіруге;
*Өңіріміздің табиғатын танытуға, табиғатты қорғауға, қаламызды көгалдандыру мен абаттандыруға, оның ішінде этнотуризм саласының ауданымызда дамуына үлес қосуға;
*Қандыағаш қаласында Оқушылар сарайының ашылуына мұрындық болуға;
*Болашақ ұрпаққа арналған техникалық және өнер орталықтарының жұмысын жетілдіруге, оның ішінде музыка, мұражай, кітапхана саласын дамытушыларға қолдау көрсетуге;
*Мұғалжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдердің ғимараты мәселесінің оңтайлы шешілуіне ықпал етуге;
*Білім саласына қатысты жаңа құрылыс нысандарының бой көтеруіне, оған қатысты жұмыстардың шешімін табуға үлес қосуға;
*Қандыағаш қаласының архитектуралық, сәулеттік жаңашыл безендірілуіне ықпал етуге;
*Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) төлемі, азаматтарға медициналық және фармацевтикалық көмектің қолжетімділігін арттыруға;
*Қалаішілік, ауыларалық, ауылішілік жолдарды жөндеуге, халықты таза ауызсумен қамтамасыз етуге қаражат бөлуді ұйымдастыруға;
*Жасөспірімдер арасындағы қылмыспен, маскүнемдікпен және нашақорлықпен күресуге мектептер мен қоғамдық ұйымдарды тартуға;
*Жергілікті биліктің әрбір адамға көмек көрсетуіне, күнделікті қажеттіліктері мен өзекті мәселелерін шешуге, қоғамның саяси өміріне белсенді қатысуға;
*Қандыағаш қаласын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын бақылауға;
*Балабақшаларды, мектептерді, спорт мектептерін, ауруханаларды күрделі жөндеуден өткізуге ықпал етуге;
*Шағын және орта бизнестің серпінді дамуына үлес қосуға;
*Балалар мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала көшелерін электрмен жарықтандыру мәселесін көтеруге;
*Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін мүгедектігі бар балалардың спортпен шұғылданып, қоғаммен байланыс орнатуына өз үлесімді қосуға;
*Аудан бюджетінің мақсатты жұмсалып, қажетті жобаларға бөлінуіне
ЫҚПАЛ ЕТЕМІН!

Болашақ – жастардың қолында! Бүгінде мемлекетіміз жастарға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар дайындап, барынша қолдау көрсетіп, жетістікке жететін үлкен мүмкіндіктер ашып беруде. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып, еліміздің дамуына, Отанымыздың гүлденуіне үлес қосу – біз секілді жастардың басты міндеті!
Егер мен аудандық мәслихаттың депутаты болып сайлансам, маған артқан сенімдеріңізді ақтаймын! Ол үшін сіздердің шынайы қолдауларыңыз қажет!
Сайлау учаскесіне келіп, маған дауыс беріңіздер!

Ұқсас ақпараттар

Цифрлық технологиялар Қазақстанның рекордтық астық жинауына көмектесті — Тоқаев

admin_mugalzhar

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жамбы ату спортының мажар стилінен жеңімпаздары белгілі болды

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТЫҚТАР СЕНБІЛІКТІ БАСТАП КЕТТІ

admin_mugalzhar