«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН ОТБАСЫҒА ТҰРҒЫНДАР КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ

Бірнеше апта бұрын Еңбек ауылдық округінің орталығы Сағашилі ауылында тұрғын үй ауласында өрт оқиғасы тіркеліп, баспананың бір бөлігіне едәуір зиян келген еді. Қиын жағдайға тап болған отбасыға ауыл тұрғындары мен Қандыағаш қаласының азаматтары бірден қолдау білдіріп, өртенген үйді қалпына келтіруге қол ұшын созуда.
Тұрғындардың өтінішімен izgi_qala волонтерлік тобы көмек жинауды ұйымдастырды. Нәтижесінде қысқа уақыт ішінде 1 миллион теңгеге жуық қаражат жиналды. Бүгінде жиналған қаражат пен тұрғындардың көмегі арқылы үйді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындар бүлінген шатырды қайта жасап, үйдің төбесін жаңадан жабуда. Облыс орталығынан да жанашыр азаматтар табылып, отбасыға көмек көрсетуге ниет білдірген. Олар үйдің ішкі бөлмелеріндегі төбені жаңалап, электр желілерін қайта қалпына келтіруге қолдау көрсетпек. — Тұрғындардың көмек сұраған өтінішіне бей-жай қарай алмадық. Аудан тұрғындары да өз мүмкіндіктеріне қарай қолдау білдіріп, қаражат аударды. Ерікті қайырымды жандар аталған үйге барып, үйді қалпына келтіру жұмыстарын жасауда. Тұрғындардан бөлек қала кәсіпкерлері де өз үлестерін қосып, зардап шеккен бөліктің екі терезесіне пластикалық терезе орнатты, – дейді izgi_qala волонтерлік тобының жетекшісі Зайырбек Есенжол. Еске сала кетейік, өрт орнына жеткен мамандар аулада жиналған 30 бума шөп пен ескі трактордың өртеніп, жалынның тұрғын үй шатырына таралғанын анықтаған. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында үйдің қалған бөлігі аман сақталды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер болмады.
Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

ОБЛЫС ӘКІМІ МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНДА БОЛДЫ

admin_mugalzhar

Төрт жыл ішінде Ақтөбе облысында мемлекет меншігіне 1 млн 256 мың гектар ауыл шаруашылығы жері қайтарылды

admin_mugalzhar

ОСЫ ЖҰРТ ӘБІЛБАЙДЫ БІЛЕ МЕ ЕКЕН? («КОММУНАЛШЫ» ЖШС-НІҢ БАСШЫСЫ ӘБІЛБАЙ ЖУКАШЕВ ТУРАЛЫ)

admin_mugalzhar