Жем қаласында орналасқан әскери бөлімнің қызметкерлері елімізде өтіп жатқан барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қолдау көрсетті.
Мемлекеттің болашағына байланысты осы маңызды саяси оқиғадан тыс қалмады. Жем қаласындағы №321 сайлау учаскесіне барып өз таңдауларын жасады.
Дауыс беру учаскесінде дауыс берушілердің лайықты таңдау жасауына барлық жағдай жасалған. Жем қаласы бойынша 513 сайлаушы тіркелген.

