«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде оқушыны зорлаған күдікті іздестіріліп жатыр

Ақтөбе қаласындағы мектептердің бірінде оқитын оқушы қызға сексуалдық зорлық-зомбылық көрсеткен күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бірқатар БАҚ-та жарияланған мәліметке сүйенсек, оқиға 12 желтоқсан күні түс мезгілінде болды. Белгісіз ер адам 9 жасар оқушы қызды өз пәтеріне алдап кіргізіп, зорлаған. Полиция қызметкерлері қазір теміржол вокзалы маңын бақылауға алған.

«Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған балаға қатысты ауыр қылмыс жасаған күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмысты ашуға, сондай-ақ оған қатысы бар күдікті азаматты ұстауға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларын Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығының өзі басқарды. Оған қоса тәжірибелі қызметкерлер тартылды», — деп хабарланды облыстық Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбелік ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілеріне 5,7 млрд теңге субсидия бөлінді

admin_mugalzhar

Қандыағашта «Ұлы дала елі: Алтын Орданың мәдени мұрасы» конференциясы өтті

admin_mugalzhar

СУАҒАР САЛЫНУДА

admin_mugalzhar