«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ержан Максим Бакуде өнерімен көрермендерді тамсандырды

Ержан Максим Бакуде «Қыс 2019» үшінші халықаралық балалар фестивалінің гала-концертінде All by myself композициясын орындап, көрермендерді тәнті етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Концерт алдында қызыл кілеммен жүріп өткен Ержан тілшілердің сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, ол Муслим Магомаевты өте жақсы көретінін және оның отанында өнер көрсеткенне қуанышты екенін айтты.
Ержанға қолдау білдіруге Бакуде тұрып жатқан қазақстандықтар, Әзербайжандағы ҚР дипломатиялық өкілдігінің басшылығы мен қызметкерлері келді. Жас қазақстандық таланттың өнер көрсетуіне көрермен зор қошемет білдірді.

Ержанның өзі де әнді тамаша орындады, жиналған қауым да қолдауын аямады. Концерт аяқталған соң шара меймандары қазақстандықтарға келіп, Ержан Максимнің өнерін жоғары бағалап, оған шығармашылық табыс тілеп, жылы лебіздерін білдіріп жатты.

Еске сала кетсек, «Қыс 2019» халықаралық балалар фестивалі биыл үшінші мәрте өткізіліп отыр. Оған әзербайжандық балалардан басқа Ержан Максим (Қазақстан), Мария Магильная (Беларусь), Даниил Купч (Қазақстан), Варвара Кошевая (Украина), Клара Рот (Франция), Хиггинс-Хумес Рафаэл мен Кроу Шагуан (Ұлыбритания) қатысты.

Ұқсас ақпараттар

Түркияда мерт болған қазақстандық қыздың денесі елге жеткізілді

admin_mugalzhar

Франция мен Италия коронавирустың тәуліктік өсімі жағынан антирекордты қайта жаңартты

admin_mugalzhar

Белгілі заңгер Жаңа Конституция жобасын бүкілхалықтық референдумға шығару туралы ұсынысты қолдады

admin_mugalzhar