«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде полиция бұзылып қалған автобустағы қырғызстандық жолаушыларды құтқарды

Самара-Шымкент тасжолында тағы бір автобус бұзылып қалды. Полиция 42 жолаушыны жылыту орнына жеткізді.

Автобус Қырғызстаннан Ресейдің Мәскеу қаласына бет алған. Көлік бұзылып, жол жиегінде бірнеше сағат тұруына тура келген.

«Республикалық трассада полиция қызметкерлері Бекзат Сисенбаев пен Сәкен Жамбылов кезекшілікте жүрді. Олар автобусты сүйреп, ең жақын кемпингке жеткізді. Сол жерде жолаушылар жылынып, автобус жөнделді. Бұл бірінші жағдай емес. Қыста шетелдіктер жолға дайындықсыз шығады», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, осы жолда өзбекстандық жолаушылар мінген автобус бұзылып, полицияның көмегімен жолаушылар құтқарылған болатын.

inform.kz

Ұқсас ақпараттар

«НҰРТАЙ» МЕШІТІНЕ — 25 ЖЫЛ

admin_mugalzhar

Ақтөбеде 10 жаңа автобус қалалық бағытқа шығады

admin_mugalzhar

Синоптиктер су тасқыны қаупі жоғары өңірлерді атады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.