«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Халық қалаулылары марапатталды

Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс 51-ші сессиясының жалпы отырысы өтіп, ҚР мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына орай мереке қарсаңында тәуелсіздік жылдарда маңызды істерге бас болып, күрделі шешімдер қабылдап, елдің мұң-мұқтажын тыңдап, әлеуметік мәселелерді шешуге атсалысқан халық қалаулылары «ҚР Мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды.

Халық қалаулыларын мерекелерімен құттықтаған аудан әкімі А. Шериязданов олардың 25 жыл бұрын ел тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдарда елдің дамуына үлес қосқандарын, тоқырау жылдары елді сабырға шақырып, ел басқаруда билікпен бірге қоян-қолтық қызмет атқарғандарын айтып, «ҚР мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медальдарымен және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады.

ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың дамуымен, қалыптасуына қосқан үлесі үшін, «ҚР Мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалімен С.Еңсепов, С. Салықбаев, А. Беркімбаев, Ж.Сақтағанова, П.Хохлов, Н.Сейткамалов, Қ.Аймағамбетов, Қ.Төкешов, С.Ведюшкин, Н.Сәрсенов, Г.Жұмабаева, Д. Мұрзатаев, С. Қиясов, Т.Қазбеков, Р.Мүсенова, Ғ.Нұрсұлтанова, Г.Исмағамбетовалар марапаталды. Аудан әкімінің Алғыс хаты тәуелсіздік жылдарда елеулі еңбек Ә.Қорғанбайға, Е.Нұғымановаға, Л.Елубаеваға, З.Сарқұловаға, Р.Ермағанбетоваға, Ж.Тасмағамбетоваға, С.Қауқақовқа, Ш.Нұрмағамбетовке, Ж.Төребаевқа, Д.Қалықбергеновқа, Ә.Ниетқалиевке табысталды.

Ұқсас ақпараттар

Көші-қон заңын бұзған 5 азаматқа айыппұл салынды

admin_mugalzhar

ЗІЛТЕМІРШІ ГҮЛІМНІҢ ЖЕҢІСІ

admin_mugalzhar

УЧЕБА В КИТАЕ, ГЛАЗАМИ НАРГИЗ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.