«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Нұр-Сұлтанда мүгедектер тегін жолдама алудың қиындығын айтты

Нұр — Сұлтан қалалық әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау басқармасына 2 наурызда таңғы сегізден жиналған мүмкіндігі шектеулі адамдар санаторийге тегін жолдама жетпейтініне наразы.

Жолдама алғысы келетіндердің айтуынша, әкімдік оларға қаңтар айында электронды мәліметі бар флэшка берген. Олар осы флешкамен өз бетінше 2 наурызда тіркелуі керек болғанымен, электронды жүйе белгісіз себептермен істемей қалғанын айтады. Сол себепті тіркелу үшін әкімдікке таңнан бастап келген.

Наразылық білдірген мүмкіндігі шектеулі адамдарға полиция қызметкерлері келді.

«35 жыл педагог болдым» деген Шәйза Мұхамбетжанова әкімдік «жұмысты дұрыс ұйымдастырмады» деп санайды.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар диагнозы мен дерт түріне қарамастан бәріне бір ғана санаторий — Көкшетаудағы «Қатаркөл» оңалту орталығына жолдама беретіне налиды. Оның да жетпейтінін және қалауларынша емес, күн райы салқын кезде жіберетінін айтады.

— Үш жылдан бері ала алмай жүрмін. Қаңтарда келгенімде наурызда кел деді, енді келсем «жолдама сәуірге бар, мамыр мен маусымға орын жоқ» көрінеді, – дейді Алмаш Жұматаева.

І топтағы мүмкіндігі шектеулі адам Серкешбай Ғаппаров жолдаманы үнемі наурызда беретінін айтады. Ол бұл жолы алдында жүз шақты адам кезекте тұрғандықтан жолдама ала алатынына сенбейді.

Нұр — Сұлтан қалалық әкімдігінің жұмыспен қамту басқармасы бастығының орынбасары Илья Скуб мүмкіндігі шектеулі адамдардың наразылығы жайлы Азаттық тілшісінің сауалына жауап беруден бас тартты.

Нұр — Сұлтан қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдар 25 мыңнан асады, оның 5 мыңы балалар. Оларға заң бойынша, әлеуметтік жәрдемақымен қатар, емдеу-сауықтыру орталықтарына тегін жолдама берілуі тиіс.

azattyq.org

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда жаңа көліктер қымбаттай бастады

admin_mugalzhar

176 НЫСАН «ASHYQ» ЖОБАСЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.