«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Соңғы екі тәулікте Ақтөбеде коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ

Ақтөбе облысында барлығы 27 адам індетке шалдыққан болатын. Соңғы екі тәулікте бұл көрсеткіш өзгермеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы әкімі жанындағы жедел штаб мәліметіне сүйенсек, өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
«Бүгінгі күні коронавирус инфекциясы 27 адамда анықталған. Оның ішінде 11 науқас емделіп, үйіне қайтарылды. Қазір 14 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, біреуінде орташа ауыр, біреуінің жағдайы ауыр. Стационарлық карантинде 347 адам бар. Оның ішінде 245-і Ақтөбе қаласында, 102-і аудандарда. Call-орталыққа тұрғындар тарапынан 12 400-ден астам сұрақ түсті. Сұрақтардың барлығы жауапты мемлекеттік органдарға шара қабылдау үшін жолданды. Психологиялық көмек беретін «Жедел желіге» сұрақ түсті. Барлығына кеңес берілді», — деп хабарлады жедел штаб.

Айта кетейік, облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов пен облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Қанат Алиев карантин талаптарының сақталуын тексерді.

Рейд барысында бірнеше адам әкімшілік жауапқа тартылды. Төтенше жағдай енгізілгеннен бері 709 тәртіп бұзу фактісі тіркелді. Оның ішінде 174 адам қамалды, 216 адамға айыппұл салынды.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда жаңа мереке бекіту ұсынылды

admin_mugalzhar

Туған қызын зорлады деп күдікке іліккен Ақтөбе тұрғыны 19 жылға сотталды

admin_mugalzhar

Мәулен Әшімбаев Парламент Сенатының төрағасы болып сайланды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.