«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстандықтар зейнетақы шотында ақшасы азайғанына шағымданып жатыр

Қазақстандықтар зейнетақы жинағында ақшасы азайғанын айтып, шағымданып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Facebook қолданушысы Мадина Кудинова жазды. Оның айтуынша, оның зейнетақы шотындағы қомақты сомадағы қаражат жетіспейді.

«Көбі зейнетақы жинағында ақша жетіспейтінін айтып жатқанын естідім. Неге олай болып жатыр деп ойладым. Содан өзімнің шотымды тексеріп, таңғалдым. 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шотымда 6 571 948 теңге болады. Ал бүгін 3 856 346 теңге. Сонда менің ақшам қайда кетті? 1414-ке хабарлассам, ол мәселемен айналыспайтынын айтты. Нақтылайын десең, телефонды тастай салады. Мен ешқандай келісімімді берген жоқпын. Ақшамды қайтарыңыздар», — деп жазды ол.

Ал «БЖЗҚ» АҚ өкілдері салымшылардың шотты әртүрлі форматта қарайтынын айтады.

«Сіздердің назарларыңызға, egov.kz порталында төлем туралы мәліметті алудың екі форматы бар: зейнетақы аударымдары туралы анықтама және инвестициялық табысты қоса есептегендегі зейетақы аударымдары туралы мәлімет. Сондықтан да кейбір салымшылары мен алушылар осы екі формат үшін зейнетақы шоттарындағы айырмашылықты байқап жатыр», — деді БЖЗҚ АҚ баспасөз қызметіндегілер.

Ұқсас ақпараттар

Еңбек министрлігі елдегі орташа зейнетақы мөлшерін атады

admin_mugalzhar

РАМАЗАН АЙЫ МҮБӘРАК БОЛСЫН!

admin_mugalzhar

Үкімет Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді даму жоспарын бекітті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.