«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Полицейдің құлағын тістеп алған павлодарлық 5-тен 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

Полицейдің құлағын тістеп алған павлодарлық 5-тен 10 жылға дейін сотталуы мүмкін. Бұл туралы облыстық полиция департаменті өкілдері айтты, — деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, бұл оқиға көпқабатты үйлердің бірінің ауласында болған.

Жарияланған бейнежазбада павлодарлық тұрғынның отбасымен тұрғаны, әрі отағасының әлденені ішіп тұрғаны анық көрінеді. Оларға тәртіп сақшысы жақындап, куәлігін көрсетіп жатқаны сол еді полицейдің қолындағы құжатты қағып жібергені де байқалады. Артынша олар жаға жыртысқан. Полицей жарақат алған. Оқиға куәгері тәртіп бұзышының — әйелі. Оның айтуынша, күйеуі ішімдік ішкенімен, мас болмаған. 

Полиция департаментінің мәліметінше, жанжалға тұрғынның қоғамдық орында ішімдік ішкені себеп болған. Онымен қоймай ол тәртіп сақшасына дөрекі мінез көрсетіп, билік өкілін соққыға жыққан — деді. Қазіргі уақытта қылмыскер қамауға алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалыпты.

«Полиция қызметкері шабуыл жасаушыға ешқандай қарсы әрекет жасап немесе қорғаныс құралдарын қолданған жоқ. Себебі шабуылдаушының қолында баласы болды. Сол себептен полицей өз-өзін тек соққыдан ғана қорғап қимыл жасады. Тіпті, видеода шабуылдаушы оны соққылап жатса да, баланы қорғау үшін әрекет етіп, ұстап қалғаны көрінеді. Ал шабуылдаушы полицейді ұрып, аяқпен теуіп, құлағын тістеп дене жарақатын салды», — дейді облыстық полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.

Төбелестің шығуына полицейдің кәнісінің бар-жоғы анықталмақ. Ол үшін қызметтік тексеру басталыпты. Полиция бұзақының бұған дейін де қылмысы үшін сотты болғанын айтады. Егер оның кінәсі дәлелденсе 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін дейді.

tengrinews.kz

Ұқсас ақпараттар

ЕРІКТІЛЕР ІСІ — ЕЛГЕ ӨНЕГЕ

admin_mugalzhar

ОТБАСЫ — ЕҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚ

admin_mugalzhar

“AMANAT»: КЕЗЕКТЕН ТЫС XXXII КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.