Қазақстанда жаңа мереке — Абай күні бекітілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
«ҚР мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізілді.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі:
мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
«22-1. Абай күні – 10 тамыз».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі», — делінген құжатта.