«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Нұр-Сұлтан мен 12 облыста дауылды ескерту жарияланды

17 тамызда еліміздің көптеген аймақтарында, соның ішінде елордада найзағай мен қатты желдің салдарынан дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұр-Сұлтанда түнде және таңертең күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Көкшетауда күн күркірейді.

17 және 18 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл болып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан жел күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ақтөбеде күндіз найзағай күтіледі.

Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан жел күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Атырауда батыс, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 18 метрге жетеді.

17 және 18 тамызда Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл болып, бұршақ жауады, оңтүстік-батыстан солтүстік-батыстан ауысып, секундына 15-20 метрге дейін жел соғады. Таразда 17 және 18 тамыз күндері найзағай, дауыл болып, жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп күтілуде.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік — батыстан соққан жел күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, батыстан 15-20 метр/секунд жел тұрады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз кей жерлерде солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде Оралда найзағай болады. Күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 18 метрге жетеді.

17 және 18 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 17 тамызда Жезқазғанда оңтүстік-батыстан, батыстан соққан жел екпіні күндіз секундына 18 метрге дейін жетеді деп күтілуде.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қостанайда таңертең және күндіз найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысында күндіз батыстан, солтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Күн бойына төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін. Найзағай кезінде оңтүстік желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Петропавлда күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда жұмыс кезінде коронавирус жұқтырған дәрігерлерге өтемақы төленбейтін болды

admin_mugalzhar

ЕРЕН ЕҢБЕКТІҢ ИЕГЕРІ

admin_mugalzhar

БҮЙРЕКСІЗ ӨМІР: ДАУАСЫ – ДОНОР

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.