«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ДДҰ басшысы пандемияның аяқталу мерзімін атады

ДДҰ есептеуі бойынша, COVID-19 пандемиясы екі жылдан аз уақытта аяқталмайды. Бұл туралы ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус айтты, — деп хабарлайды РИА Новости

Оның айтынша, 1918 жылғы «Испан тұмауы» эпидемиясымен салыстырғанда, ол да 2 жылға созылған, ДДҰ-да қазір технологиялар көп.

«Байланыс көп болса вирус тез тарайды, бірақ бізде оны тоқтату үшін технологиялар бар. Сондықтан бізде жаһандану және өзара байланыста кемшілік болғанмен, технологиялар жағынан артықшылық бар», — деді ұйым басшысы.

Бұған дейін ДДҰ Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан адамзат коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитетті әлі қалыптастырмайтынын айтқан еді.

Ұқсас ақпараттар

Т.Махимов: Зарегистрировано 16 146 заявок и произведена выплата 12 895 мугалжарцам

admin_mugalzhar

ШАБЫНДЫҚ ЖЕР ЖЕТЕ МЕ?

admin_mugalzhar

Прозвенел первый звонок, приглашая всех на урок

admin_mugalzhar