«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстан үкіметі 2021 жылы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу ережелерін жариялады

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Ержан Нұрымбетов зейнетақы қорынан жарты қаражатты алудың шарттары туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Онлайн брифинг барысында Нұрымбетов қандай санаттағы адамдардың зейнетақы қорын ала алатынын айтып берді. Жалпы алғанда елімізде 721 мың азамат осы мүмкіндікті пайдалана алады. 

«Жұмыс істеген, жұмыс істеп жүрген азаматтар. Біріңғай зейнетақы қорында жарналары бар азаматтар ала алады. Егер олардың жиналған соммасы жеткіліктілік шегінен асып жатса ғана рұқсат беріледі. Мақсатымыз қаражатты таратып беру емес. Тек қана 50 пайызын ғана ала алатын болады. Екіншісі зейнет жасына жеткен кісілердің қорда қаражаты болатын болса, олар қаражаттың 50 пайызын ала алады. Олардың саны 138 мыңнан асады. Олардың ішіне құқық қорғау органдарының азаматтары да жатады. Бір шарт бар ол зейнетке шыққан азаматтардың мемлекеттен алып отырған зейнетақтысы мен қордан алатын зейнетақысын қосқан кезде, кемінде 40 пайыздан төмен болмауы керек. Үшіншісі зейнетақы құжатын рәсімдегендер. Сақтандыру қорына аударғаннан кейін зейнетақы қорында қаражат қалатын болса ғана ала алатын болады», — дейді Нұрымбетов. 


Нұрымбетов, жеткіліктілік шегін есептеу арқылы қордағы қаражаттарды беру мәселесі қаралатынын түсіндірді. Әрбір жастағы қорға қаражат құйғандардың жеткіліктілік шегі есептеліп, арнайы талаптар қойылатын болады. 

«Жеткіліктілік шегі дегеніміз — зейнетақы қорындағы қажетті ең төменгі баға. Әркімнің өз жасына қарай беріледі. Егер азамат кемінде ең төменгі жалақыдан зейнетақы қорына қаражат аударып отырған жағдайда, зейнетке шыққан соң 82 жасқа дейін ең төменгі зейнетақы алуға мүмкіндік беретін болса ғана ала алады.

Яғни 30 жасқа толған ер азаматың да әйел азаматтың да қорда 2 млн 518 мың теңгесі болатын болса қордағы жарты қаражатын алуға рұқсат беріледі.

35 жастағыларға 2 млн 961мың, 

40 жастағыларға 3 млн 437 мың,

45 жастағы 3 млн 947 мың,

50 жастағыларға 4 млн 495 мың,

59 жастан асқандарға 5 млн 586 мың жеткіліктілік шегін құрауы шарт», —  дейді министрі. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Тоқаев 700 мың қазақстандық зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалана алатынын айтқан. 

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде саудагерлер орталық базарды ашуды талап етті

admin_mugalzhar

ОНЛАЙН ОҚУ: ОҢТАЙЛАНЫП КЕЛЕДІ КЕЗЕКШІ ТОП:САҚТЫҚ ШАРАСЫ САҚТАЛУДА

admin_mugalzhar

Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.