«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Министрлік ресейлік вакцинаны кімдерге салуға болмайтынын айтты

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ресейлік «Спутник V» вакцинасына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шорановтың айтуынша, белгілі бір санаттағы адамдарға Ресей вакцинасын салуға тыйым салынады.

«Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасы аденовирусқа қарсы екі серотипке негізделген тірі векторлық вирус-вакциналар түріндегі препарат деп айтқым келеді. Бұл вакциналар созылмалы, респираторлық ауруларға жақсы. Бірақ бұл вакцинаны жүкті әйелдерге, емізетін келіншектерге, сондай-ақ 60 жастан асқан адамдарға салуға болмайды«, — деді денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов.

Еске салайық, 1 тамызда қазаннан бастап ресейліктерге жаппай вакцина салынатыны белгілі болды. Ел билігі вакцина алдымен арнайы топтағы адамдарға, яғни, мұғалімдер мен медицина қызметкерлеріне салынатынын айтты. Ресейлік «Гам-Ковид-Вак2» векторлы вакцинасы SARS-CoV-2 гені енгізілген аденовирус ДНҚ негізінде жасалған.

Ал 11 тамызда Ресей президенті Владимир Путин COVID-19-ға қарсы ресейлік вакцина тіркеуден өткенін мәлімдеген болатын. 

Ұқсас ақпараттар

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ БАСТАҒАН ҮКІМЕТ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА БОЛДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанда соңғы жылдары түсірілген ең үздік сериалдар анықталды

admin_mugalzhar

Қазақстанда халық санағы 2021 жылға шегерілді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.